ВАСЮЧЕНКО Юрий Валентинович

24.10.2023  | Автор: Мусинова Ә.А.

Өмірбаяны

29.05.1956 ж., Ленинград қ.

Балет әртісі, педагог-репетитор, балетмейстер. РСФСР еңбек сіңірген әртісі (1985 ж.), Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1981 ж.). Халықаралық конкурстардың лауреаты.

1974 - А.Я.Ваганова ат. Ленинград хореография училищесін бітірген, педагогтары: Н.Боярчиков, В. Семенов, А. Кумысников.

2001 - Мәскеу хореография академиясында Ю.Григорович және Г.Майоров курсын «Балетмейстер-хореограф» мамандығы бойынша бітірген.

1974-1976 - балет солисі, Литва КСР Мемлекеттік опера және балет театрының (МОБТ) жетекші бишісі (Вильнюс), Бахус партиясында дебют жасады («Вальпургия түні»);

1976-1980 - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі (Алматы). Репертуары: Зигфрид («Аққу көлі»), Дезире («Ұйқыдағы ару»), Ромео («Ромео мен Джульетта»), Альберт («Жизель»), Базиль («Дон Кихот»); Кербуга («Ақсақ құлан») және т. б.

1980-1995 - КСРО Мәскеу академиялық Үлкен театрында (ГАБТ) Альберттің («Жизель») партиясында дебют жасады. Репертуары: Ханзада «Щелкунчик», Зигфрид «Аққу көлі», Базиль («Дон Кихот»), Вакх («Вальпургиева ночь»), Спартак («Спартак»), Иван Грозный («Иван Грозный»), Ромео («Ромео и Джульетта»), Бозбала («Пахита»), Солор («Баядерка»), Жан де Бриен («Раймонда»), Иван-царевич («Жар-птица»), Борис («Золотой век») т.б.

1988 жылдан бастап ол тек Ресейде ғана емес, сонымен қатар шетелде, яғни Ковент-Гарден театрында оқытушылық қызмет атқарды.

1993-2009 - Мәскеу мемлекеттік хореография академиясында (МГАХ) ерлердің классикалық және дуэт-классикалық биінен сабақ берді.

2009-2016 - Одесса ұлттық академиялық опера және балет театрының балет труппасын басқарды. Театрдың бас балетмейстері болып жұмыс істеген кезінде ол жеті операда би қойып, Л.Минкустың «Пахита» балетін қалпына келтірді (хореограф. М. Петипаға негізделген), Ц.Пунидің «Маркитантка» балетінен Pas-de-six (А. Сен-Леон бойынша), К.М.Фон Вебердің музыкасына қойылған "Раушан көрінісі» (М.Фокин хореографиясы), Ц.Пуни Pas de quatre (А.Долин хореографиясы, Ж.Перроның мотиві бойынша), Ш.Гуно операсынан «Вальпургия түні» картинасы (хореограф. Л.Лавровский) және т.б. Өз редакциясында Л.Минкустың «Дон Кихот», П.Чайковскийдің «Аққу көлі», Карл Орфтың «Кармина Бурана» кантатасының опералық-хореография нұсқасы бойынша Г.Малер мен И.Штраустың музыкасына қойылған «Вена орманының құпиясы» балетін қойды.

2016-2019 - Ресей Үлкен театрының педагог-репетиторы.

Марапаттары: Халықаралық конкурстардың лауреаты: - Бүкілодақтық балет әртістері мен балетмейстерлер байқауының I-сыйлығы (1980 ж. Мәскеу); ХБАБ-ның III-ші сыйлығы (1981 ж. Варна); ХБАБ-ның III-ші сыйлығы (1981 ж. Мәскеу).

Библиография

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА сайтынан және Раушан Байсейітованың жеке мұрағатынан суреттері.

Медиа галерея

ВАСЮЧЕНКО  Юрий Валентинович

ВАСЮЧЕНКО Юрий Валентинович