ВЕЛИКАНОВ Василий Васильевич

08.01.2024  | Автор: Рахымбердиева С.

Өмірбаяны

(25.04.1898, Санкт-Петербург қ. - 29.01.1969, Алматы қ.)-кеңес композиторы. ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1958).

1923-1927 - Ленинград консерваториясының студенті.

1935-1936-музыкалық-этнографиялық экспедицияларға екі рет қатысуы, оның әрі қарайғы шығармашылық қызметінде үлкен рөл атқарды.

1937 - Қазақстанға М. Әуезовтің либреттосы бойынша «Қалқаман-Мамыр» атты алғашқы қазақ балетін жасау үшін шақырылды. Композитор поэтикалық мотивтерден, халық ертегілерінен, ұлттық түстің әсем айқын нақышынан және бай музыкалық фольклорынан шабыт алды. Спектакльдің премьерасы 1938 жылы 28 маусымында алғашқы музыкалық театрдың сахнасында өтті (қазіргі Абай ат. ҰОБТ).

1950 - «Қамбар мен Назым» балетіне музыка жазды, оның негізі өз халқының қорғаушысы батыр Қамбар және оның Назым қызға деген адал сүйіспеншілігі туралы аңыз болды. «Тұтқын қыз» («Барымта қыз») операсының, «Райхан» кинофильмінің, «Амангелді» симфониялық поэмасының, «Абай ойын импровизациялау» (Импровизация памяти Абая), скрипка пьесасының авторы. Құрманғазы атындағы Мемлекеттік қазақ халық аспаптар оркестрімен ынтымақтастықта болды. Көптеген симфониялық, камералық-аспаптық шығармалар, оркестрлік пьесалар, әндер, романстар, кинофильмдерге, қазақ және орыс драма театрларының спектакльдерінеарналған музыка жазды. 1951 жылдан бастап, Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен айналысқан.

Марапаттары: «Ленинградты қорғағаны үшін», «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін 1941-1945» медальдары және «Құрмет Белгісі» ордені (1959).

Медиа галерея

ВЕЛИКАНОВ Василий Васильевич

ВЕЛИКАНОВ Василий Васильевич

ВЕЛИКАНОВ Василий Васильевич

ВЕЛИКАНОВ Василий Васильевич