ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ АҚ БҰЛТЫ
Өмірбаяны
Бір актілі балет.
Композитор - М.Иржанова, А.Исакова. Либретто Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» повесі бойынша - Б.Аюханов. Хореография және қойылымы - Болат Аюханов.
Премьерасы 2010 жылы өтті. Бұл балеттің екінші нұсқасы. Бірінші нұсқасы «Шыңғысханның құштарлық азабы» (2003) деген атаумен М.Иржанованың музыкасына қойылды. Қойылым Болат Аюхановтың басқаруындағы ҚР Мемлекеттік академиялық би театры үшін жасалды.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Шыңғысхан - Болат Аюханов, Ерік Өтепов; Алтын кестеші - Айтолқын Тұрғынбаева; Бала күтуші - Әмина Ақылбекова; Мәңгілік - Юрий Шакиров;
Азияның көп бөлігін жаулап алған Шыңғысхан Еуропаға бет бұрады. Ол жолдың ең қиын тұсы - Сарыөзек даласында өткелге тап болады. Бір күні Шыңғыс ханның алдынан бір бейтаныс адам шығады, ол Дүниенің Әміршісіне сәжде жасамады. Ол Шыңғысханға жол бойы оның үстінен Ақ бұлт еріп жүретінін, оны күзетуге тура келетінін - оны жоғалтып алған бойда Шыңғысхан ұлы билігінен айырылатынын айтты. Мәңгілік: «Сені өлмейтін ететін дәрі де, эликсир де жоқ. Сен өлетін пендесің ,әрі қатыгезсің. Қатыгездік енді сені жазалады» - дейді.