ҚЫС ҚИЯЛЫ
Өмірбаяны
2 актілі балет-ертегі.
Композитор - Ринат Салаватов. Либретто - Әлжан Шомаев Ханс Кристиан Андерсеннің «Қар ханшайымы» («Снежная королева») ертегісі негізінде дайындаған. Хореография және қойылымы - Вячеслав Гончаров. Қоюшы-суретші - Вячеслав Окунев. Қоюшы-дирижер - Абзал Мухитдинов.
Премьера 2008 жылы 20 және 22 наурызда К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Қар ханшайымы - Елена Семенова, Айжан Мұқатова; Дәрігер - Елена Семенова, Айжан Мұқатова; Қыз - Татьяна Тен, Марина Қадырқұлова; Бала - Азамат Рафиков.
Балеттің сюжеті Андерсеннің атақты «Қар ханшайымы» ертегісінің ерекше интерпретациясы болып табылады.Оқиға Қазақстанның жас астанасына ауыстырылады. Бірінші нұсқада балет «Астана қиялдары» деп аталып, Андерсен ертегісінің желісі бойынша қысқы қиялға негізделген. Оқиғаның барысын анық болжауға болады. Қар ханшайымы тұтқынға алған інісін құтқару оқиғасы өзгеріссіз қалды. Сахнадағы әрекет барысында Қызға әр түрлі жерлер мен елдерді аралап, далада Ақбөкен мен Қойшыларды, көлде Үйрек пен Қазды, күн шуақты бақшада Қарбыз, Қауын, Алма, Алмұрт, Қара өрік, Жүзім, Өріктерді кездестіреді. Жолда кездескен барлық кейіпкерлер Қызға көмектесіп, оны жолға дайындап, күйме беріп, маусымдық киім-кешекпен қамтиды. Соның арқасында ол інісімен бірге үйіне аман-есен оралады. Үйге оралған балалар өз пәтерінде қолдарында ертегілер кітабымен оянады.