ЖАСТЫҚ
Өмірбаяны
3 актілі, 8 көріністі балет.
Композитор - Михаил Чулаки. Либретто - Юрий Слонимский, Николай Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романының желісі бойынша. Хореография және қойылымы - Дәурен Әбіров, А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтын (ГИТИС) бітіргендегі дипломдық жұмысы. Қоюшы-суретші - Владимир Колоденко. Қоюшы-дирижер - Евгений Манаев.
Премьерасы 1952 жылы 3 ақпанда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Семён - Герман Тростянко; Петя - Рафхат Уразбаев, Леонид Таганов; Даша - Нина Краснова, А.Солнцева, Лидия Симагина; Дима - Мақсұт Ақжанов; Лена - Ракуль Тажиева, Валентина Никитина; Виктор - Дмитрий Самохин; Матвей - Сергей Ильницкий, Алмас Бекбосынов.
Ресейдің оңтүстік қалаларының бірінде Азамат соғысы жылдарында тәжірибелі конспиратор-революционер Семён мен Матвей деген екі жігіт жасырын жұмыс істейді. Майданда қаза тапқан қызыл әскердің ұлы, жасөспірім Петя олардың ақтарға қарсы күресінің куәсі болады. Ол көргенінен шабыттанып, достары Даша мен Диманы ақтарға қарсы күреске шақырады.Үш дос адалдыққа ант беру үшін әкесі-буденновшының қылышының сабын алып шығады. Олардың балалық шағы өтті. Жастық шақ басталды.
Келесі операцияда жасырын қызметкер Матвей қоңырау соғуы керек. Бұл күрестің басталғанының белгісі. Алайда ол жау-Виктордың қолынан қаза табады. Қоңыраулар үнсіз. Петя қоңырау мұнарасына көтеріліп, жауды одан лақтырады. Жараланған ол күш жинап, қоңыраудың арқанын тартады. Оның үні тартқан сайын күшейе түседі.
Семён бастаған адамдар қоңырау мұнарасына шығып, қызыл жалауды көтереді. Ту астында басқа жауынгерлермен бірге - Петя, оның құрбысы Лена, Даша және Дима.