ӘЗІМ ТУРАЛЫ ЕРТЕГІ
Өмірбаяны
Бір актілі спектакль.
Композитор және музыкалық редакторы - Ержан Қорғанбек. Либретто - Еркебұлан Ағымбаев. Режиссер - Қадиша Ағымбаева. Хореография және қоюшы - Сағит Дүзбаев, Мира Байбулова, Ұлан Изенаев, Александра Беглова. Костюм дизайнері - АқботаТоқтасынова.
Премьерасы 2020 жылы өтті. «НАЗ» Мемлекеттік би театрына (МБТ) арналған.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Абай - Ұлан Изенаев; Әзім - Омар Мұхамметалиев; Әзімнің анасы - Айнагүл Тұрсынова; Әзімнің әкесі - Асхат Мәден; айлакер қария - Ақон Рысқалиев.
Спектакль Абай Құнанбаевтың аяқталмаған «Әзім туралы ертегі» шығармасы бойынша қойылды.Кейбір адамдар баю үшін басқалардың ғылыми жаңалықтарын қолдана алады. Кейде айлакерлік пен зұлымдыққа, әр түрлі қитұрқы әрекеттерге жүгінеді. Айлакер шал - солардың бірі. Ол Әзімді өзінің зұлымдық тапсырмасын орындау үшін алдап, айдаһарлар мен бұрын-соңды болмаған тіршілік иелері арасында таудың басында қалдырады.