ЗАКАН Айдос Ерболұлы
Өмірбаяны
(26.05.1987, Шұбар ауылы, Алматы облысы) - балет әртісі, Халықаралық балет әртістері байқауының лауреаты.
1997-2005 - А. В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушысы, педагогтар: Н.С.Абдулина (кіші сыныптар), С.Ж. Косманов, Э.Д.Мальбеков, М.Ш.Қадырова (жоғары сыныптар).
2005-2006 - А.Я Ваганова атындағы Орыс балет академиясында тағылымдамадан өтті, педагогтары: А. А. Мирзоян, Л.И. Ковалева, А. А. Степин, А. С. Хамзин, А. А. Асылмұратова.
2006-2007 - Абай атныдағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі.
2008-2009 - М. Джалил атындағы Татар мемелекеттік академиялық опера балет театрының (ТМАОБТ) солисі (Қазан қ.).
2009-2011 - Михайлов театрының жетекші солисі (Санкт-Петербург).
2012 - К.С.Станиславский және В.И.Немирович-Данченко атындағы Мәскеу академиялық музыкалық театрының жетекші солисі.
2012-2014 - Boston Ballet труппасының солисі (АҚШ).
2015-2019 - Aalto Ballet театрының жетекші солисі (Германия).
2019 жылдан «Ballett Dortmund» («Дортмунд Балет», Германия) жетекші солисі.
Репертуары: Ханзада Дезире, Көгілдір құс пен ханшайым Флоринаның pas-de-deux («Ұйқыдағы ару»); Ханзада («Золушка»), Ханзада («Щелкунчик»), Альберт («Жизель»), Джеймс («Сильфида»), Эрос «Antico стиліндегі Сюита» А. Г. Шнитке; Ханзада Зигфрид, pas-de-trois («Аққу көлі»); Базиль («Дон Кихот»), Солор («Баядерка»), Құл Әли («Корсар»); Джири Килианның «Кішкентай өлім» («Маленькая Смерть») балеті; Александр Екман («3 by Ekman»).
Әр уақытта әлемдік балет сахнасының белгілі шеберлері: А.М. Лиепа, Ф. С. Рузиматов, В.С.Тедеев, А.А.Асылмұратовалармен; көрнекті қазақстандық бишілер мен педагогтар: Э.Д.Мальбеков, У.А.Мирсеидовтың жетекшілігімен жұмыс істеді. В.Самодуров (Лондон, «Covent Garden» театры), Юрий Яновский («Бостон балеті», АҚШ), Джири Килиан (Прага, Чехия), Александр Екман (Стокгольм, Швеция) сынды әлемнің түрлі елдерінің хореографтарымен де жұмыс істеді.
Халықаралық байқаулардың лауреаты: «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің III- сыйлығы (Астана, 2004), «Сібір 2005» халықаралық байқауының I- сыйлығы (Новосибирск, РФ), «Ваганова жүлдесі» халықаралық байқауының III- сыйлығы (Санкт-Петербург, РФ, 2006); «Варна-2006» Халықаралық байқауының лауреаты (Болгария); «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Гран-Приі (Астана, 2006), «Бәйтерек-2006» I- Халықаралық балет әртістері байқауының Гран-Приі (Астана); I- Халықаралық байқаудың дипломанты (арнайы сыйлық) (Сеул, Корея, 2006); «Tanc-Olim-2008» байқауының алтын медалі (Берлин, Германия); I- «Арабеск-2010» Халықаралық балет әртістері байқауы (ХБАБ) сыйлығы (Пермь, РФ); II «KIBC-2010» ХБАБ сыйлығы (Сеул, Корея); Лифар атындағы ХБАБ I- сыйлығы (Донецк, Украина, 2011); «KIBC-2011» ХБАБ I- сыйлығы (Сеул, Корея).