ЖЕЗТЫРНАҚ

25.10.2023  | Автор: Молдахметова А.Т.

Өмірбаяны

Екі актілі, 9 көріністі фантастикалық балет.

Композиторлар - Бейбіт Ақош, Арман Мұқатай. Либретто - Ғалым Доскен. Хореография және қойылымы - Гүлнара Адамова. Сценография - Амантұр Бейсенбинов. Костюм суретшісі - Толқын Есалиева.

Премьерасы 2004 жылы 27 сәуірде Шанхайда (Қытай) Қазақстанның Қытайдағы мәдениет күндері аясында өтті. Спектакль «Самұрық» заманауи би театрының труппасы үшін қойылды.

Кейіпкерлер мен алғашқы орындаушылар: Қыз-жезтырнақ - Альбина Додарходжаева; Бозбала - Ерсайын Мұқаев; Ақсақал - жезтырнақ - Руслан Такирбасов; Кекші қыз - Наталья Корчагина; Жолаушылар - Елена Эзау, Бауыржан Қосманов; Жылан - Әсел Абақаева; Аңшы - Руслан Такирбасов; Жезтырнақтар - балет артистері.

Жезтырнақ қазақ мифологиясында шөлді тауларды мекендейтін адамға дұшпандық жасайтын жез тырнақты тіршілік иесі. Сырттай қарағанда, олардың адамдардан еш айырмашылығы жоқ. Тек құбыжық дүлей күші мен өңменіңнен өтетін дауысы бар. Олар күндіз жарық пен адамдардан жасырынып, түн батқанда кісілер осы түнге дейін аман қалды ма, жоқ па деп жиналады. Адамдар қауіп-қатерге қарамастан Жезтырнақтарды аңдиды. Егер оларды өлтіре алса, жауынгерлік олжа ретінде қолдарын кесіп алатын болған. Ерекше келбетті екі жалғызлікті адамның кездесуі: жас жігіт пен бейтаныс ерекше арудың (жезтырнақ қыздың) күтпеген кездесуі бұл мифке махаббат сюжетін енгізеді. Жезтырнақ қыз кек пен махаббаттың арасында арпалысқанмен, өзінің табиғи болмысы жеңіп, ғашығын өлтіреді.