ЖОЛТАЕВА Айслу Аскатовна
Өмірбаяны
(06.02.1966, Екібастұз қ., Павлодар облысы) - зерттеуші, педагогика ғылымдарының кандидаты (1997).
1976-1984 - Алматы хореография училищесінің оқушысы, педагогтары: Н. Я. Хасан-Ахунов, Г. Н. Бейсенова, Т. П. Парпибаева, Ш. Р. Қарсақбаева.
1984-1988 - Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтында (МММИ) «Хореография» мамандығы бойынша білім алды, педагогтары: И. В. Смирнов, В. П. Смуров, Ю. Н. Потоцкий, Ю. Г. Деревягин.
1994-1996 - МММИ-ның аспиранты, кандидаттық диссертация тақырыбы: «Этнокөркемөнер білім беру жүйесіндегі дәстүрлі қазақ биі» («Традиционный казахский танец в системе этнохудожественного образования»), ғылыми жетекшісі - педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Бакланова; МММИ докторанты (2005), ғылыми кеңесші Т. И. Бакланова.
2013 - Ресей Халық Шаруашылығы Академиясын және Ресей Федерациясының Президенті жанындағы мемлекеттік қызметті, «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1988-1990 - Әл-Фараби атындағы мәдени-ағарту қызметі теориясы кафедрасының оқытушысы (Шымкент қ.).
1990-1992 - «Алтай» ансамблінің балетмейстері (Таулы-Алтай, РСФСР).
1992-1999 - Дәулеткерей атындағы Батыс қазақстан өнер институтының хореография кафедрасы меңгерушісі, аға оқытушысы (Орал қ.).
1999 - Астана қаласының мәдениет басқармасының бас маманы және Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрына бас балетмейстер лауазымына ауыстырылды (Астана).
2001-2003 - «Мирас» халықаралық мектебінің хореография мұғалімі (Астана).
2004-2008 - Алтай Республикасы Мәдениет және кино министрлігінің (РФ Таулы-Алтай) өнер саласындағы бастауыш білім беру жөніндегі үйлестіру орталығының директоры.
2008-2013 - жалпы бөлімнің консультанты, 2013-2020 - Таулы-Алтай қаласы Әкімшілігінің сатып алу бөлімінің бастығы.
2020 жылдан бастап АҚШ-да тұрады және жұмыс істейді.