ЖУКЕНОВА Сәуле Бейішқызы
Өмірбаяны
(06.05.1962, Павлодар қ.) - педагог-хореограф, зерттеуші, балетмейстер, қоғам қайраткері. Педагогика ғылымдарының кандидаты (1992), Ресей халықтары Ассамблеясы Президиумының және Еуразия халықтары Ассамблеясының мүшесі, РФ Қоғамдық палатасының сарапшысы.
1972-1980 - Алматы хореографиялық училищесінің оқушысы, мамандығы «Балет әртісі» , үздік диплом, педагогтары: Ж. Т. Тастанова, К.М. Жақыпова, Т.З. Мальбекова, Л.И. Рафаилова, Г.Н.Бейсенова, Н. Я. Ахунов.
1982 - А. В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері интитуты (ГИТИС) студенті, М.Т.Семенованың курсы.
1982-1986 - Мәскеу мемлекеттік мәдениет институты студенті (МММИ), «Хореографиялық пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша үздік диплом, педагогтары: Ю.Г. Деревягин, О.С. Деревягина, Д.М. Иванова, Т. А. Смирнова; 1989-1992 - МММИ (Мәскеу мемлекеттік мәдениет институты) аспиранты, кандидаттық диссертациясының тақырыбы «Қазақстандағы көркемөнерпаздар хореографиялық өнерін дамытудың әлеуметтік-педагогикалық факторлары» («Социально-педагогические факторы развития самодеятельного хореографического искусства в Казахстане»), ғылыми жетекшісі - философия ғылымдарының докторы, профессор А. И. Арнольдов.
2003-2006 - Халықаралық менеджмент институты (ХМИ LINK) студенті, «Менеджмент» мамандығы, «Master of Business Administration, Professional Diploma, Management (D64) the Open University (UK)» біліктілігі; 2005-2007 - ХМИ LINK магистранты, «Менеджмент» мамандығы.
2011-2012 - IAS SCHOOL (SWISS) Швейцария бизнес мектебінде оқып, «Compliance Specialist Officer» дәрежесін алды.
1980-1982 - ҚазКСР мемлекеттік ән-би ансамблінің балет әртісі.
1992-2012 - «Сәуле балет мектебінің» директоры және көркемдік жетекшісі (Мәскеу), халықаралық және Бүкілресейлік балалар шығармашылығы байқауларының 16 дүркін жеңімпазы (1992-2007).
1988-2012 - Мәскеу мемлекеттік мәдениет институты (МГИК) халықтық көркем мәдениет кафедрасының доценті.
2011-2012 - Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университеті (МГУКИ LINK) Оқу орталығының жетекшісі.
2020 жылдан - А.Н.Косыгин ат. Ресей мемлекеттік университеті славян мәдениеті институтының «Хореограф өнері» кафедрасының доценті (классикалық, тарихи-тұрмыстық би, классикалық мұра және балет театрларының репертуары бойынша бағдарламалардың авторы, әлеуметтік жобалардың жетекшісі). «Халық көркем мәдениеті» оқулығындағы «Халық биі» бөлімінің авторы / ред.акторлар Бакланова Т. И., және Стрельцова Е. Ю. - М.: МГУКИ, 2000. - 344 б.
«Cosmopolitan» журналының «Білім» номинациясы бойынша конкурс жеңімпазы (1997).
2015 жылдан бастап, «Наурыз», «Алтын күз» федералды және Мәскеу халық шығармашылығы фестивальдерінің бас балетмейстері, «Менің үйім-Мәскеу» фестивалінің «Достық биі» гала - концертінің балетмейстері, «Азия аруы» шығармашылық нөмірлерінің қоюшы-балетмейстері, балаларға, жастарға, ардагерлерге, зейнеткерлерге арналған Тарихи балеттердің балетмейстері, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының беделді халықаралық би байқауларының қазылар алқасының мүшесі.