ЖУКОВ Леонид Алексеевич
Өмірбаяны
08.04.1890 ж., Мәскеу қ. - 03.11.1951 ж., Мәскеу қ.
Балет әртісі, балетмейстер, үнсіз кино актері. РСФСР еңбек сіңірген әртісі (1933).
Мәскеу императорлық театр училищесінің балет-драма бөлімін бітірген (1909 ж.), педагогтары: Н.П. Домашев, В.Д.Тихомиров.
1909-1926, 1931-1934, 1942-1946 - КСРО Үлкен театрының балет солисі және балетмейстері. Репертуары: Дезире («Ұйқыдағы ару»), Зигфрид («Аққу көлі»), Жан де Бриен, Абдерахман («Раймонда»), Солор («Баядерка»), Конрад («Корсар»), Базиль, Эспада («Дон Кихот»), Колен («Бекер сақтық»), Франц («Коппелия»), Альберт («Жизель»), Нарр-Авас («Саламбо»), Феб, Гренгуар («Эсмеральда»). Соңғы жылдары ол өзін характерлік биші ретінде көрсетті, әуеде қалықтай жеңіл секірісі, мәнерлі мимикасымен қатар жұптық биде тамаша серіктес болды. 1912, 1914 - әйгілі эстрада бишісі М.Р.Рейзенмен Лондонда, Берлинде, Парижде, Балтық елдерінде гастрольдік сапармен болған. 1922-1924- КСРО Үлкен театрының балет труппасының меңгерушісі (Мәскеу). Ол Үлкен театрда К.Сен-Санс музыкасына «Испан каприччиосы» (1923), Римский-Корсаков музыкасына «Шехерезада» (1923) балет қойылымын жүзеге асырды
Украинада, Қазақстанда, Татарстанда, Қырғызстанда педагогикалық қызметпен айналысты, балетмейстерлік қызметі арқылы одақтас республикалардың ұлттық балет кадрларын даярлауға қатысты. «Бақшасарай бұрқағы» балетінің қоюшысы (1946 ж. Қазан қ.; 1948ж. Фрунзе қ.), «Аққу көлі» (1926 және 1935ж. Киев қ.; 1949ж. Фрунзе қ.), «Қызыл Гүл» («Красный мак», 1949ж. Фрунзе қ.). Ол үнсіз фильмдерде ойнады.
1937 жылдың қыркүйегінен 1939 жылдың қазанына дейін қазақ балетінің жетекшісі, бас балетмейстері, алғашқы биші және Мемлекеттік опера және балет театрының педагогы лауазымдарын қоса атқарған. Орыс труппасы үшін «Копеллияны» жаңартады, «Аққу көлін» қояды. Бірақ оның басты назары қазақтың ұлттық спектаклін жасауға бағытталды. Балетмейстердің шығармашылық ізденісінің нәтижесі композитор В.Великановтың (М. Әуезовтің либреттосы) «Қалқаман -Мамыр» алғашқы ұлттық балеті болды, онда ол Қалқаманның басты партиясын (1938 ж.) орындады.
Татар АССР (1945) және Қырғыз ССР (1948), балетмейстер және педагог ретінде жұмыстар атқару барысында «Аққу көлі (1949), «Бақшасарай бұрқағы» (1948), «Қызыл гүл» («Красный мак», 1950) т.б. балеттерін қойды.
Библиография
- Сарынова Л.П. Балетное искусство Казахстана. – Научное издание. – Алма-Ата: «Наука» Казахской ССР, 1976–176 стр. – С.57,58,62-65.
- Зарубин В.И. Жуков Леонид Алексеевич – Балет: энциклопедия. Гл. ред. Ю. Н. Григорович – М.: Советская энциклопедия, 1981. – С.207.
Сілтемелер
- Жуков Леонид Алексеевич. Кино-Театр.РУ. 25 января 2020г. Адрес URL:https://www.kino-teatr.ru/kino/acter/m/empire/253417/bio/ (дата обращения: 28 сентября 2021)
- Жуков Леонид Алексеевич.Российский государственный архив литературы и искусства (РГАЛИ). Адрес URL: https://libinfo.org/index/index.php?id=113613(дата обращения: 28 сентября 2021)
- Жуков Леонид Алексеевич. Мастера Большого балета. Сайт Большого театра Адрес URL:https://www.bol-theatre.su/recs/id108/( дата обращения: 28 сентября 2021)
- Лариса Тарасенко. 15 мая 2020г. «Танец длиною в жизнь» Адрес URL:https://day.kyiv.ua/ru/article/kultura/tanec-dlinoyu-v-zhizn(дата обращения: 28 сентября 2021)