ЗВЕРЕВА Ксения
Өмірбаяны
(24.08.1989, Минск қ.) – балет әртісі, хореограф, педагог. Stora Daldansen Халықаралық балет байқауының лауреаты (2006, 2008, Швеция); IFMC Заманауи хореография фестивалінің халықаралық байқауының лауреаты (2012, Витебск, Беларусь); «Ұшу жолағы» («Взлетная полоса») Заманауи хореография жастар фестивалінің дипломанты (2014, Санкт-Петербург); DANCE ICONS журналының «Жаңа буын әйел-хореографтар» номинациясы бойынша жүлдені иеленді (2016).
2008 – Стокгольмдегі Корольдік швед балет мектебін бітірді.
2015 – Нидерланды би театрында тағылымдамадан өтті (NDT).
2016 – А. Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясының (АРБ) педагогика факультетін бітірген, магистр дәрежесі бар.
2008-2012 – РБ Ұлттық академиялық Үлкен опера және балет театрының балет әртісі.
2012-2013 – Стокгольмдегі O / Modernt фестивалінің хореографы.
2013-2014 – А. Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясының (АРБ) орындаушылық факультетінде модерн би педагогы. Көптеген балет қойылымдарының авторы: «Қалықтаған» миниатюрасы («Па- рящие», 2013); «Болашақты еске түсіру» («Remember the Future», И. – С. Бах), «Second I» (Ф. Гласс, 2015); «Лабиринт». Ф. Шуберт пен А. Мартынов; «Элегия. Офелия» П. Чайковский (2016); М. Рихтердің бір актілі «Memoryhouse» балеті (2017) және басқалар.
К. Зверева жасаған көптеген нөмірлер марапаттарға ие болды: алтын медальмен, соның ішінде би бойынша Әлем Кубогы 2019; «Premio Doc 2019» халықаралық би байқауында (Аверса қ., Италия), Гамара Алмасзаде атындағы II халықаралық хореографиялық байқауда 2018 (Баку қ., Әзірбайжан) «Заманауи хореография» номинациясы бойынша, DANCE Flow Contest 2020 халықаралық хореографиялық өнер байқауының Гран-приі (Киев қ., Украина); TU ONDA 2020 халықаралық онлайн фестиваль-байқауының «Хореография» номинациясы бойынша Гран-при (Испания); ІІ-сыйлық TANZOLYMP Berlin 2021 XVIII Халықаралық би фестивалінде – Contemporary Dance Solo / Age 2 – MPS 2 (Берлин, Германия).
2018 – «Астана Опера» театрының сахнасында А. Райымқұлованың музыкасына Адам Қапановтың либреттосы негізінде «Заман тынысы» («Sounds of Time») балеті қойылды. Балет – ежелгі аңыздың заманауи оқылымы. 2022 жылы сол театрда «Қалқаман – Мамыр» Опера-балетінің қоюшы-хореографы ретінде өнер көрсетті.