КАРМЕН-СЮИТА

26.10.2023  | Автор: Саитова Г.Ю., Мусинова А.А.

Биография

Бір актілі балет.

Композиторлар - Жорж Бизе, Р.Щедрин. Либретто - Болат Аюханов. Проспер Мерименің аттас новелласы бойынша. Хореография және қойылымы - Болат Аюханов.

Премьерасы 1969 жылы Минскіде өтті. Балет Болат Аюхановтың басқаруындағы «Алма-Атының жас балеті» ансамблі үшін қойылды.

Бірінші орындаушылар: Кармен - Надежда Пивницкая (бірінші орындаушы), Наталья Карбоинова-Гончарова (екінші орындаушы).

Балет әдемі, тез ашуланшақ, темпераментті сыған Кармен есімді әйелдің өмір тарихына негізделген. Қамауда отырып Хозе есімді сержантты өзіне ғашық қылып, өзін бостандыққа жіберуге көндіреді. Барлық артықшылықтардан айырылып, қарапайым сарбазға айналған ол ақырында Карменді жалықтырады.Кармен әйгілі, бай, сымбатты тореадор Эскамильоға есі кетеді. Карменді қайтару үмітінен айырылған Хозе сүйіктісін өлтіріп тастайды.


Бір актілі балет.

Композиторлары - Жорж Бизе, Родион Щедрин. Либретто - Альберто Алонсо, Проспер Мерименің аттас новелласының желісі бойынша.Хореография - Альберто Алонсо. Қоюшы-балетмейстер - Тимофей Лавренюк (Мәскеу, Ресей). Сценография - Борис Мессерер. Қоюшы-дирижер - Нұржан Байбусинов.

Премьерасы 2006 жылы 14, 16 сәуірде Абай ат. МАОБТ сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Кармен - Құралай Сарқытбаева, Нәйлә Кребаева; Хозе - Дмитрий Сушков; Тореро - Әмір Жексенбек; Коррехидор - Нұрлан Байбусинов, Руслан Қадыров; Рок - Айнұр Әбілғазина; Жұмысшылар - Наталья Ликучёва, Наталья Затыльникова, Гүлнұр Буриева, Мукарам Абубахриева (Авахри).

«Астана Балет» театрының труппасына премьера 2022 жылы 14қазанда өтті.

Қоюшы-балетмейстер - Тимофей Лавренюк (Москва, Россия). Суретші-сценограф – Жандос Омаров. Костюм суретші – Наталья Протасова.Музыкалық жетекшісі, дирижер – Арман Уразгалиев.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:Кармен – Айнур Абильгазина; Хозе –Сқндет Султанов; Тореро – Байқадам Тунғатаров; Коррехидор – Бауыржан Мекембаев; Жазмыш – Наталья Фернандес-Менес; Темекішілер – Кәмила Рахманберлиева, Канон Сузуки.

Карменнің ой мен әрекет еркіндігіне ұмтылуы, оны жанжал мен трагедияға жетелейді. Сіз қоғамда құмарлықтың ақиқатымен өмір сүре алмайсыз. Такаппар Кармен өлім арқылы өзінің еркіндігін растайды.

Библиография

  • Жумасеитова Г.Ж.Хореография Казахстана: период Независимости. Монография – Алматы: Жибек жолы», 2014. – Стр. 26-27.

Ссылки

Медиагалерея

КАРМЕН-СЮИТА

КАРМЕН-СЮИТА

КАРМЕН-СЮИТА

КАРМЕН-СЮИТА

КАРМЕН-СЮИТА

КАРМЕН-СЮИТА