МУСАХАНОВА Шолпан Алиевна

01.02.2024  | Автор: Кульбекова А.К.

Биография

(01.01.1960, Петропавл қ., СҚО) - балет әртісі, зерттеуші-журналист солист, Заслуженный деятель Казахстана (2010). Кандидат филологических наук (2007).

Б. Г. Аюхановтың «Алматының жас балеті» МКБА және Абай атындағы МАОБТ-ның солисі, жеке бишісі.

1978-1986 - Б. Г. Аюхановтың «Алматының жас балеті» МКБА-де жұмыс істеді, белгілі ұжымның барлық репертуарын биледі: Кармен («Кармен» Ж. Бизе - Р. Щедрина), хореографиялық миниатюра «Үш көңіл-күй» ( А. Скрябин «Три настроения»), балкон жанындағы көрініс (С. Прокофьев «Ромео и Джульетта» балетінен үзінді), классикалық балет мұраларынан pa de deux.

1986-1989 - Абай атындағы МАОБТ-да жеке биші. Репертуар және партиялары: Одетта-Одиллия (П.И. Чайковский, «Аққу көлі»), Жизель (А. Адан, «Жизель»), Китри (Л. Минкус, «Дон Кихот»), Фригия (А. Хачатурян, «Спартак»), 7 Вальс (Ф. Шопен, «Шопениана»). Ол, С. Тихонов, Е. Сетаков, Р.Мусин, Б. Атибеев, М. Түкеев, М. Адырхаев, Е. Асылғазинов, Д. Тубольцев, Б. Смағұлов сынды белгілі бишілермен жұпта биледі.

Әр түрлі кезеңдерде Ш. Мұсаханова Ресей Федерациясының балет компаниялары мен театрларында биледі: 1990 жылдан бастап «Кремль балеті» театрында (Мәскеу) жұмыс істеді, 1992-1994 жж. - Мәскеу хореография театрында Вакиль Усмановта жұмыс істеді, миниатюралар мен дивертисменттерді, классикалық «Дон Кихот», «Жизель» және басқа да мұра балеттерден pa de deux- лер орындады.

2000-2009 - Одесса ұлттық академиялық опера және балет театрында жұмыс істеді, репертуары: Жизель (А. Адан, «Жизель»), pas de trois, кішкентай Аққулар биі, қалыңдық (П. Чайковский, «Аққу көлі»), қуыршақтар (П. Чайковскийдің «Щелкунчик»), 7 Вальс (Ф. Шопен «Шопенианы»), Көлеңкелер триосы (Л.Минкус, «Баядерка»), Батылдық перісі (П. Чайковский, «Ұйқыдағы ару»), жұмысшы қыздар (Ж. Бизе - Р. Щедрин, «Кармен»), қыздар партиясы және вариациялар (Л. Минкустың «Дон Кихот»). Патнерлері: Ю. Г. Карлин (Украинаның Халық әртісі), А. Ю. Мусорин (Украинаның еңбек сіңірген әртісі).

Ш. Мұсаханова Қазақстанның балет өнеріне үлес қосқан қазақстандық балет мектебінің өкілі. 2018 жылдан бастап «Алан» МАХБА (Владикавказ, РФ) және классикалық би бойынша республикалық Өнер колледжінің педагогы.

Медиагалерея

МУСАХАНОВА Шолпан Алиевна

МУСАХАНОВА Шолпан Алиевна