АҚ ҚҰС ТУРАЛЫ АҢЫЗ

26.10.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

Екі тәуелсіз спектакль-новелладан тұратын балет: «Аққанат» және «Хиросима». Қысқа әңгімелерді адам рухының жаулас күштермен мәңгілік күресінің символы ретіндегі ақ құстың ортақ идеясы біріктірді.

Композитор - Ғазиза Жұбанова. Либреттосы - Әзірбайжан Мәмбетов. Хореографиясы және қойылымы - Дәурен Әбіров, Заурбек Райбаев. Қоюшы-суретші - Василий Мамонтов. Қоюшы-дирижер - Тургут Османов.

Премьерасы 1966 жылы 21 мамырда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.

АҚҚАНАТ

2 актілі, 3 көріністі балет.

Хореография және қойылымы - Дәурен Әбіров.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Аққанат - Фируза Ұлтанбаева; Асан - Абдуахим Асылмұратов.

Қатты құмды дауыл жерді өлі шөлге айналдырды. Туған халқын ажалдан аман алып қалғысы келген қыз Аққанат Күнге жүгінеді. Құдіретті жарық адамдарға жылулық пен қуаныш сыйлауға келіседі. Бірақ Аққанат оның сәулелерінің жалынынан ажал құшуы шарт. Оның өлімге қимаған халық өз қиялының күшімен қызды бейбітшіліктің, жақсылықтың, өмірдің символы - ақ құсқа айналдырады.

ХИРОСИМА

2 актілі, 3 көріністі балет.

Хореография және қойылымы - Заурбек Райбаев.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Тайо - Әнуарбек Джалилов, Рамазан Бапов, Абдуахим Асылмұратов; Суджи - Сара Көшербаева, Тамара Парпибаева; Юки - Сайрагүл Нұрсұлтанова (Алматы хореографиялық училищесінің 6-сынып оқушысы), Раушан Байсеитова.

Інжу-маржанды аулаушы Тайо өзімен бірге жапондықтардың бойтұмары - қағаз тырнаны алып теңізге кетеді. Ол жоқта қалаға атом бомбасы түсіп, оның әйелі мен кішкентай қызы қалады. Үйге қайтып келген Тайо қатты қайғыға батады. Әңгіме халыққа қайғылы оқиғаның қайталануына жол бермеу туралы жалынды үндеумен аяқталады.

БАЛЕТТІҢ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМЫ. Либретто - Әзірбайжан Мәмбетов, Заурбек Райбаев. Хореография және қойылымы - Заурбек Райбаев. Қоюшы-суретші - Игорь Корогодин. Қоюшы-дирижер - Тургут Османов.

Премьерасы 1967 жылы 27 маусымда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар. «Аққанат» балетінде: Аққанат - Раушан Байсеитова; Асан - Абдуахим Асылмұратов. «Хиросима» балетінде: Тайо - Әнуарбек Джалилов; Суджи - Сара Көшербаева; Юки - Раушан Байсеитова.

Кейінірек «Хиросима» балеті театр репертуарында «Айдаһар жалыны» деген атпен жүрді.

Сілтемелер