"АҚҚУ" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ (Ақтобе қ.)

19.10.2023  | Автор: Ізім Т.О.

Өмірбаяны

«Аққу» халық би ансамблі 2000 жылы Ақтөбе облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Ғ. Жұбанова ат. Ақтөбе облыстық филармониясы» МКҚК - да құрылды. Көркемдік жетекшісі - ҚР Мәдениет үздігі Омар Мамбетов; бас балетмейстері - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлнар Мамбетова.

«Аққу» ансамблінің қызметі бірінші кезекте қазақ биін насихаттауға бағытталған. Би ансамблі репертуарында ұлттық билер мен әлем халықтарының билері бар. Ансамбль жақын және алыс шетелдердің көптеген елдерінде гастрольдік сапармен болды. Франциядағы халықаралық фольклорлық өнер фестиваліне (Роман-Сюр-Изер, 2016), Үндістандағы VIII Халықаралық би және музыка фестиваліне (Нью-Дели, Лахнау, Патна, 2018), «LaDanzaIntegradoradeCulturas» (Ла-Пас, Боливия) халықаралық онлайн фестивальдеріне қатысты.

«Аққу» халық би ансамблі «Шабыт» VI Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің I сыйлығының лауреаты (Астана, 2003); III Халықаралық Жастар шығармашылығы фестивалінің І сыйлығының лауреаты (Қырым, 2005); «Жастар шығармашылығы» фестивалінің Гран-При иегері (Пекин, ҚХР, 2006); «Толқында жүгіруші» халықаралық байқауының лауреаты (Алания, Түркия, 2007); V ұлттық Қазақстан жастар Дельфий ойындарының алтын медалінің иегер, лауреаты (Ақтөбе, 2009); «Әлем халықтарының биі - 2015» Халықаралық фестивалінің лауреаты (Шымкент, 2015); «Шабыт» ХХІ халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ІІ сыйлығының лауреаты( Астана, 2018); Ұлттық «UMAI» байқауының «Хореографиялық өнер» номинациясы бойынша сыйлық иегері. (Астана, 2022).

Медиа галерея

"АҚҚУ" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ (Ақтобе қ.)

"АҚҚУ" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ (Ақтобе қ.)

"АҚҚУ" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ (Ақтобе қ.)