"АҚҚУ" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛI (Қарағанды қ.)

19.10.2023  | Автор: Ізім Т.О.

Өмірбаяны

Ансамбль 1993 жылы Қазақ КСР өнер қайраткері М. Ж. Тілеубаевтың басшылығымен Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі» КМҚК-да құрылды. Ансамбльдің бірінші жетекшісі (1993-2005) -Республикалық эстрада-цирк өнері студиясының түлегі К.А. Мұқатова болды. 2005 жылдан бастап ансамбльді ҚР Мәдениет үздігі Назгүл Авилхан басқарады. «Аққу» Қазақ халқының би мәдениетін және әлемхалықтарының билерін насихаттайды. Ансамбль репертуарында қазақстандық хореографтардың қойылымындағы билер (Г.Саитова - «Хорезм», «Тәжік», «Ұйғыр»; Г. Адамова - «Түрік», «Испан»; Т. Ізім - «Қызғалдақтар», «Қызғұмыр», «Құрбылар»; З. Әжібекова - «Көктем шуағы» қойылды.

Гастрольдік сапармен ансамбль әр түрлі елдерде өнер көрсетті: Германия, Оңтүстік Корея, Ирак, Швейцария, Швеция, Венгрия, Румыния, Вьетнам, Малайзия, Кувейт, Франция, Түркия, Оман, Қытай, Болгария, онда ол қазақ би мәдениетін лайықты көрсете алды.

«Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты (1998); халықаралық халық би байқауының лауреаты (Малайзия, 2012). Ұжым Қытайдағы, Беларуссиядағы, Вьетнамдағы Қазақстанның мәдениет күндерінің қатысушысы болып табылады, Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге қатысты.

Ансамбль жанында хореографиялық мектеп жұмыс істейді, онда ансамбльге кадрлар дайындалады.

Библиография

  • Ұлытауда «JEZKIIK» этникалық музыка фестивалі өтті. Үш қоңыр. - №35 (450) 30 тамыз, 2019 ж.

Медиа галерея

"АҚҚУ" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛI (Қарағанды қ.)

"АҚҚУ" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛI (Қарағанды қ.)

"АҚҚУ" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛI (Қарағанды қ.)