ӘБДИЕВА Ғазиза Мақешқызы

19.07.2023  | Автор: Ізім Т.О.

Өмірбаяны

64bf97adba25c.jpg

(14.05.1966 ж., Қызылорда қ.) - биші. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998 ж.).

Алматы хореографиялық училищесін (1984 ж.), педагогтары: А.М. Амангелдина, С.И. Көшербаева, Т.П. Парпибаева; ҚазМемҚызПУ «Хореографиялық пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша (1999 ж.) бітірген.

1985 жылдан бастап Сүйінбай ат. Алматы облыстық филармония жанындағы «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблінде жұмыс істейді. Ансамбль әртісінен солисіне дейінгі жолдан өтті, 2005 жылдан бастап - балетмейстер және педагог-репетитор, 2019 жылдан бастап ұжымның бас балетмейстері. «Айжан қыз» (хор. Ш.Жиенқұлова), «Қоштасу» (хор. Д.Әбіров), «Өрмек би», «Сайыс» (хор. О.Всеволодская-Голушкевич), «Жайлауда» және «Көкейкесті» (хор. Г.А. Орымбаева), «Наз», «Үкілі ару» (хор.Н. Таир) және т. б. билерді орындады.

2015-2019 жылдары Қорқыт Ата ат. Қызылорда мемлекеттік университетінде классикалық би оқытушысы және Қызылорда облыстық филармониясының «Томирис» би ансамблінің репетиторы болып қызмет атқарды.

«Алтынай» және «Сазген» ансамблінің құрамында Қазақстанның басқа елдердегі барлық мемлекеттік концерттері мен мәдениет күндеріне қатысты. Ол жақын және алыс шетелдерге гастрольдермен шықты: Лаос, Үндістан, Непал, Мексика, Бельгия, Франция, Түркия және т. б.

Қазақстанның орындаушылық би мектебін дамытуға елеулі үлес қосты. «Алтынай» халық би ансамблінің бірегей репертуарының және халық хореографиясының жауһарларын сақтап отырған бірден-бір хореограф болып табылады.

Марапаттары: Қорқыт Ата атындағы алтын медаль (2018 ж.), «Еңбек даңқы» төсбелгісі (2020 ж.).

Библиография

  • Ізім Т.О. Уақыт және би өнері. Алматы, 2008. 190 б.

Сілтемелер

Медиа галерея

ӘБДИЕВА Ғазиза Мақешқызы

ӘБДИЕВА Ғазиза Мақешқызы

ӘБДИЕВА Ғазиза Мақешқызы

ӘБДИЕВА Ғазиза Мақешқызы

ӘБДИЕВА Ғазиза Мақешқызы

ӘБДИЕВА Ғазиза Мақешқызы

ӘБДИЕВА Ғазиза Мақешқызы

ӘБДИЕВА Ғазиза Мақешқызы

ӘБДИЕВА Ғазиза Мақешқызы

ӘБДИЕВА Ғазиза Мақешқызы