ӘБІРОВ Дәурен Тастанбекұлы

16.10.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

06.11.1923 ж., Қаракемер ауылы, Қордай ауданы, Жамбыл облысы (басылымдар бойынша) // Өжет ауылы, Фрунзе ауданы, Алма-Аты обл. (өз қолымен жазған өмірбаяны бойынша) - 08.06.2001 ж., Алматы қ.

Балет әртісі, балетмейстер, зерттеуші, педагог. Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1958 ж.), Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері (1959 ж.), 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған (1959 ж.), өнертану кандидаты (1979 ж.), Қазақ КСР Халық әртісі (1984 ж.), профессор (1998 ж.).

№ 13 Алматы Балалар үйінің тәрбиеленушісі,

1933-1942 - қазақ музыкалық-хореографиялық комбинатын бітірген (алғашқы түлек). Ол оқуын А.Селезневтің сыныбы бойынша бітірді. Сонымен бірге жалпы білім беретін орта мектепті бітірген.

1942-1944 - С М. Киров ат. Қазақ мемелекттік университеттің филология факультетінің журналистика бөлімінің 1, 2 курс студент-экстерні.

1942-1946 - Абай ат. МАОБТ-да жұмыс істеді, көп ұзамай Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, Джәркент шекара отрядының шекара әскерлерінің ән-би ансамблінде қызмет етті;

1947 жылы әскерден келгеннен кейін хореографиялық училищенің бітіру сыныбында қайта оқи жүріп, әртістік (орындаушылық) қызметке кірісті.

1947-1952 - ҚазКСР ХКК жанындағы өнер істері басқармасының және Абай ат. МАОБТ жолдамасымен А.В. Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтының балетмейстер бөлімінде (ГИТИС, Мәскеу), Р. Захаровтың шеберханасында оқыды.

Классикалық репертуардың балеттеріндегі ерлер партияларының алғашқы кәсіби орындаушысы: Альберт («Жизель»), Нұралы («Бахчисарай бұрқағы»), Феб («Эсмеральда»), Базиль («Дон-Кихот»), Зигфрид («Аққу көлі»), Бозбала («Шопениана»). «Достық жолы» балетінде Әли партиясын, («Қола салт атты») Меньшиковты, балет спектакльдерінде характерлік билерді орындады.

1951-1958 - ГИТИС-тің соңғы курсында Абай атындағы МАОБТ-ға М.Чулакидің «Жастық» балетін дипломдық жұмыс ретінде қою үшін балетмейстер лауазымына қабылданды.

1952-1958 - Абай ат. МАОБТ-да балетмейстер;

1958-1966 - бас балетмейстер. Балетмейстерлік қызметі: Н.Тілендиев, Л. Степанов, Е. Манаевтың (1958 ж.) музыкасына «Достық жолы» ұлттық балеттінен (Ю. Ковалевпен, Р. Захаровпен бірге) бастау алды, В. Великановтың «Қамбар Назым» балетінің авторы (1959 ж.), А. Зацепиннің «Қарт Хоттабыч» балетін қоюшы және либретто авторы (1961 ж.), Ғ.Жұбанованың музыкасына «Ақ құс туралы аңыз» балетін (З.Райбаевпен бірге) (1966 ж.), Ғ. Жұбанованың «Аққанат» ұлттық балетінің қоюшысы (1966 ж.), Е. Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» ұлттық балетінің қоюшысы және либретто авторы (1972 ж.).

Бірқатар классикалық балеттердің өңдеушісі: Ц. Пуни, Э. Глиер, С. Василенколардың «Эсмеральда», (1953 ж., 1959 ж.), Ф. Яруллиннің «Шурале» (1956 ж.), А. Меликовтің «Маххабат туралы аңыз» («Легенда о любви») (1963), А.Глазуновтың «Раймонда», А. Спадавеккияның «Бақыт жағалауы», («Берег счастья»).

Қазақ сахналық биінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты, «Біржан - Сара», «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Дударай», «Амангелді», «Қамар сұлу», «Айсұлу» операларында (15-тен астам опера) бірегей би сахналарын жасады, «Дауылға», «Ыстықкөл» және т.б.; Ұмытылмас би нөмірлері: «Балбырауын», «Былқылдақ», «Бес қыз», «Қаз-қатар», «Қоштасу», «Алтынай», «Сылқыма», «Қаражорға», «Тепенкөк».

«Назугум», «Анархан», «Гәріп Санам», «Шоқан Уәлиханов» драмалық спектакльдерінің би қоюшысы; кинофильмдер: «Біздің сүйікті дәрігер», «Әнші ауыл» режиссер Ш.Айманов, «Қыз бен жігіт» режиссер П. Боголюбов.

1976-1984 - «Қазахконцерт» бірлестігінің бас балетмейстері. «Шопан», «Ортеке», «Айгөлек», «Қыздарай», «Айжан қыз», «Чех полькасы», «Жұптық гопак», «Орыс әзіл биі», «Қоян-бүркіт» атты жеке композициялар қойды.

1980-1982 - КСРО мәдениет Министрлігінің тапсырмасы бойынша Йемен Араб Республикасында жұмыс істеді, онда Араб біріккен әмірлігінде, АҚШ, Франция, Ұлыбритания елдерінде табысты өнер көрсеткен алғашқы кәсіби би ансамблін құрды. Қазақстан өңірлерінде 18 халық ансамблі құрды, олардың ішінде: «Сыр сұлуы» (Қызылорда), «Нұргүл» (Қызылорда облысы), «Достық» (Қарағанды), «Строитель» (Теміртау), «Қаламқас» (Семей), «Алатау» (Жамбыл облысы), «Баян Сұлу» (Павлодар), «Ұлытау», «Тау гулдері» (Жезқазған облысы), «Жетісу» (Талдықорған), «Ұлар» (Алматы, ҚазМемҚызПИ) және т. б.

1952 жылдан бастап Алматы хореография училищесінде, Құрманғазы ат. Мемлекеттік консерваториясында сабақ берді.

1987 ж. Қаз. мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультеті жанынан 1992 жылы кафедраның дербес мәртебесін алған хореография бөлімін мамандығын ашты. Театр-көркемсурет институтында (Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА) хореографиялық бөлімшені ұйымдастыру мен ашудың бастауында тұрды. Қазақстан балет театрының, хореографиялық өнерінің және хореографиялық білімінің дамуына зор үлес қосты.

Қазақ биінің шығу тегі мен даму тарихын зерттеу саласында ғылыми-зерттеу қызметімен айналысты. 1979 жылы Мәскеуде «Кәсіби сахнада қазақ биінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында диссертация қорғады. Кітаптар мен оқу құралдарының авторы: Әбіров Д., Ысмайылов Ә. «Қазақ халық билері». - Алматы: Қазгослитиздат, 1961. - 196 б.; 1983 ж. - Екінші басылым; «Қазақ халық хореографиясының бастаулары мен негізгі элементтері» -Алматы, 1992. - 50 б.; «Қазақ биінің тарихы» оқу құралы. - Алматы: «Санат», 1997. - 160 б.

Марапаттары: VI Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалін дайындаудағы және өткізудегі белсенді жұмысы үшін КСРО мәдениет Министрлігінің «Үздік жұмысы үшін» төсбелгісі (1957); Еңбек Қызыл Ту ордені (1959), «Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін 1941-1945» медалі (1959); «В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған Ерен еңбегі үшін» медалі (1970); «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығы» медалі (1976)(06.11.1923 ж., Қаракемер ауылы, Қордай ауданы, Жамбыл облысы (басылымдар бойынша) // Өжет ауылы, Фрунзе ауданы, Алма-Аты обл. (өз қолымен жазған өмірбаяны бойынша) - 08.06.2001 ж., Алматы қ.) - балет әртісі, балетмейстер, зерттеуші, педагог. Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1958 ж.), Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері (1959 ж.), 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған (1959 ж.), өнертану кандидаты (1979 ж.), Қазақ КСР Халық әртісі (1984 ж.), профессор (1998 ж.).

№ 13 Алматы Балалар үйінің тәрбиеленушісі,

1933-1942 - қазақ музыкалық-хореографиялық комбинатын бітірген (алғашқы түлек). Ол оқуын А.Селезневтің сыныбы бойынша бітірді. Сонымен бірге жалпы білім беретін орта мектепті бітірген.

1942-1944 - С М. Киров ат. Қазақ мемелекттік университеттің филология факультетінің журналистика бөлімінің 1, 2 курс студент-экстерні.

1942-1946 - Абай ат. МАОБТ-да жұмыс істеді, көп ұзамай Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, Джәркент шекара отрядының шекара әскерлерінің ән-би ансамблінде қызмет етті;

1947 жылы әскерден келгеннен кейін хореографиялық училищенің бітіру сыныбында қайта оқи жүріп, әртістік (орындаушылық) қызметке кірісті.

1947-1952 - ҚазКСР ХКК жанындағы өнер істері басқармасының және Абай ат. МАОБТ жолдамасымен А.В. Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтының балетмейстер бөлімінде (ГИТИС, Мәскеу), Р. Захаровтың шеберханасында оқыды.

Классикалық репертуардың балеттеріндегі ерлер партияларының алғашқы кәсіби орындаушысы: Альберт («Жизель»), Нұралы («Бахчисарай бұрқағы»), Феб («Эсмеральда»), Базиль («Дон-Кихот»), Зигфрид («Аққу көлі»), Бозбала («Шопениана»). «Достық жолы» балетінде Әли партиясын, («Қола салт атты») Меньшиковты, балет спектакльдерінде характерлік билерді орындады.

1951-1958 - ГИТИС-тің соңғы курсында Абай атындағы МАОБТ-ға М.Чулакидің «Жастық» балетін дипломдық жұмыс ретінде қою үшін балетмейстер лауазымына қабылданды.

1952-1958 - Абай ат. МАОБТ-да балетмейстер;

1958-1966 - бас балетмейстер. Балетмейстерлік қызметі: Н.Тілендиев, Л. Степанов, Е. Манаевтың (1958 ж.) музыкасына «Достық жолы» ұлттық балеттінен (Ю. Ковалевпен, Р. Захаровпен бірге) бастау алды, В. Великановтың «Қамбар Назым» балетінің авторы (1959 ж.), А. Зацепиннің «Қарт Хоттабыч» балетін қоюшы және либретто авторы (1961 ж.), Ғ.Жұбанованың музыкасына «Ақ құс туралы аңыз» балетін (З.Райбаевпен бірге) (1966 ж.), Ғ. Жұбанованың «Аққанат» ұлттық балетінің қоюшысы (1966 ж.), Е. Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» ұлттық балетінің қоюшысы және либретто авторы (1972 ж.).

Бірқатар классикалық балеттердің өңдеушісі: Ц. Пуни, Э. Глиер, С. Василенколардың «Эсмеральда», (1953 ж., 1959 ж.), Ф. Яруллиннің «Шурале» (1956 ж.), А. Меликовтің «Маххабат туралы аңыз» («Легенда о любви») (1963), А.Глазуновтың «Раймонда», А. Спадавеккияның «Бақыт жағалауы», («Берег счастья»).

Қазақ сахналық биінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты, «Біржан - Сара», «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Дударай», «Амангелді», «Қамар сұлу», «Айсұлу» операларында (15-тен астам опера) бірегей би сахналарын жасады, «Дауылға», «Ыстықкөл» және т.б.; Ұмытылмас би нөмірлері: «Балбырауын», «Былқылдақ», «Бес қыз», «Қаз-қатар», «Қоштасу», «Алтынай», «Сылқыма», «Қаражорға», «Тепенкөк».

«Назугум», «Анархан», «Гәріп Санам», «Шоқан Уәлиханов» драмалық спектакльдерінің би қоюшысы; кинофильмдер: «Біздің сүйікті дәрігер», «Әнші ауыл» режиссер Ш.Айманов, «Қыз бен жігіт» режиссер П. Боголюбов.

1976-1984 - «Қазахконцерт» бірлестігінің бас балетмейстері. «Шопан», «Ортеке», «Айгөлек», «Қыздарай», «Айжан қыз», «Чех полькасы», «Жұптық гопак», «Орыс әзіл биі», «Қоян-бүркіт» атты жеке композициялар қойды.

1980-1982 - КСРО мәдениет Министрлігінің тапсырмасы бойынша Йемен Араб Республикасында жұмыс істеді, онда Араб біріккен әмірлігінде, АҚШ, Франция, Ұлыбритания елдерінде табысты өнер көрсеткен алғашқы кәсіби би ансамблін құрды. Қазақстан өңірлерінде 18 халық ансамблі құрды, олардың ішінде: «Сыр сұлуы» (Қызылорда), «Нұргүл» (Қызылорда облысы), «Достық» (Қарағанды), «Строитель» (Теміртау), «Қаламқас» (Семей), «Алатау» (Жамбыл облысы), «Баян Сұлу» (Павлодар), «Ұлытау», «Тау гулдері» (Жезқазған облысы), «Жетісу» (Талдықорған), «Ұлар» (Алматы, ҚазМемҚызПИ) және т. б.

1952 жылдан бастап Алматы хореография училищесінде, Құрманғазы ат. Мемлекеттік консерваториясында сабақ берді.

1987 ж. Қаз. мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультеті жанынан 1992 жылы кафедраның дербес мәртебесін алған хореография бөлімін мамандығын ашты. Театр-көркемсурет институтында (Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА) хореографиялық бөлімшені ұйымдастыру мен ашудың бастауында тұрды. Қазақстан балет театрының, хореографиялық өнерінің және хореографиялық білімінің дамуына зор үлес қосты.

Қазақ биінің шығу тегі мен даму тарихын зерттеу саласында ғылыми-зерттеу қызметімен айналысты. 1979 жылы Мәскеуде «Кәсіби сахнада қазақ биінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында диссертация қорғады. Кітаптар мен оқу құралдарының авторы: Әбіров Д., Ысмайылов Ә. «Қазақ халық билері». - Алматы: Қазгослитиздат, 1961. - 196 б.; 1983 ж. - Екінші басылым; «Қазақ халық хореографиясының бастаулары мен негізгі элементтері» -Алматы, 1992. - 50 б.; «Қазақ биінің тарихы» оқу құралы. - Алматы: «Санат», 1997. - 160 б.

Марапаттары: VI Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалін дайындаудағы және өткізудегі белсенді жұмысы үшін КСРО мәдениет Министрлігінің «Үздік жұмысы үшін» төсбелгісі (1957); Еңбек Қызыл Ту ордені (1959), «Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін 1941-1945» медалі (1959); «В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған Ерен еңбегі үшін» медалі (1970); «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығы» медалі (1976).

Сілтемелер

  • Сарынова Л.П. Абиров Даурен. Балетное искусство Казахстана. – Научное издание. – Алма-Ата: «Наука» Казахской ССР, 1976–176 стр. – С.164.
  • Оразов Қ.Ә. Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. 4 том.– Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы – 1989. С. 139-140.
  • Абиров Даурен Тастанбекович. Балет: энциклопедия. – Главный редактор Ю. Н. Григорович. – Москва: «Советская энциклопедия», 1981.
  • Кульбекова А.К. Хореографическое наследие балетмейстеров Казахстана и его роль в становлении казахского танцевального искусства. Вестник МГУКИ – 2008 – №1 (19) – С.231-235.
  • Айткалиева К.Д. Творческое наследие балетмейстера Даурена Абирова – Диссертация на соискание ученой степени кандидата искусствоведения.

Абиров Даурен. – Легенды и мифы Оперного. – Білім және Мәдениет

Медиа галерея

ӘБІРОВ Дәурен Тастанбекұлы

ӘБІРОВ Дәурен Тастанбекұлы

ӘБІРОВ Дәурен Тастанбекұлы

ӘБІРОВ Дәурен Тастанбекұлы

ӘБІРОВ Дәурен Тастанбекұлы

ӘБІРОВ Дәурен Тастанбекұлы

ӘБІРОВ Дәурен Тастанбекұлы

ӘБІРОВ Дәурен Тастанбекұлы

ӘБІРОВ Дәурен Тастанбекұлы

ӘБІРОВ Дәурен Тастанбекұлы

ӘБІРОВ Дәурен Тастанбекұлы

ӘБІРОВ Дәурен Тастанбекұлы