АДАМОВА Гүлнара Владимировна
Өмірбаяны
27.07.1965 ж., Өскемен қаласы.
Балет әртісі, балетмейстер, педагог. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2005 ж.).
1975-1983 - Алматы хореографиялық училищесін «Халық би ансамблінің әртісі» мамандығы бойынша бітірген;
1985-1990 - А.В.Луначарский атындағы Мәскеу театр өнері институтында (ГИТИС) «Хореография режиссурасы» мамандығы бойынша О.Г.Тарасованың шеберханасында білім алды;
1983-1985 - «Гүлдер» жастар эстрадалық ансамблінің балет әртісі;
1990-1993 - А.В.Селезнев атында Алматы хореографиялық училищесінде заманауи би бойынша педагогы;
1997-2007 - Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында «Заманауи хореография режиссурасы», «Заманауи би техникасы» пәндері бойынша оқытушы.
Негізгі шығармашылық қызметі «Samruk» Заманауи би театрымен байланысты. Онда ұйымдастырушы, көркемдік жетекші және балетмейстер болып табылады. Би театры 1998 жылы құрылған күннен бастап өз ұжымы мен басқа да шығармашылық ұжымдар үшін 30-дан астам қойылымдар жасады. Олардың ішінде спектакльдер, миниатюралар мен концерттік нөмірлер бар: А.Мұқатай, Б.Ақош «Жезтырнақ» (2004 ж.), 1940-шы жылдардағы джаз музыкасына арналған «Джаз-кафе» (2008 ж.), А.Мұқатай «Биде сырғанаушылар» (2009 ж.), «Самрук» Б.Дәлденбай (2010 ж.).
А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі үшін Халықаралық балет әртістерінің байқауларына арнап, заманауи хореография бағытында қойылымдарды: АҚШ (Джексон), Болгария (Варна), Ресей (Мәскеу, Пермь), Қазақстан (1991-1993); «Ер Төстік» балеті (2010 ж.) Халықаралық балет әртістерінің байқауларына арналған Заманауи хореография стиліндегі нөмірлер бағдарламасын жасады. Хабаровск мемлекеттік ән-би ансамбліне арналған 10 нөмірден тұратын «Солнцеворот» концерттік бағдарламасын қойды (2000 ж.).
1990-1997 жылдар аралығында музыкалық және драмалық спектакльдерге хореографиялық қойылымдар жасады: «Ғасырдан да ұзақ күн» (М.Әуезов атындағы драма театры, режиссері А.Мамбетов), «Скифтің құмарлығы - әділ бақытсыздық» (Н.Сац атындағы Орыс жасөспірімдер театры, режиссері Е.Қанапьянов, Н.Құлсариев), «Тақыр» Рок-оп
Библиография
- Хореографы Казахстана (иллюстрированный информационный справочник) (1934-2012 гг.). – Алматы: типография «SK-print», 2012. – 206 с.
- Интервью март 2021
Сілтемелер
- Адамова, Гульнара Владимировна- http://ru.encyclopedia.kz/index.php/%D0%90%
- Адамова Гульнара Владимировна - https://www.google.com/search?q=2.+%D0%90%D0%B4%D0%B0%D0%BC%D0%BE%D0%B2%D0%B0%2C+%D0%93%D1%83%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%B0+%D0%92%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%BD%D0%B0
- Адамова Гульнара Владимировна. http://ru.encyclopedia.kz › index.php ›
- Уразымбетов Д. Двадцать лет театру Samruk. - https://qazaqballet.kz/main_articles/gulnara-adamova-dvadcat-let-teatru-samruk - дата 10 сентября 2020 г.
- Губашева Л. Волшебная пластика. Театр современного танца в гостях у жамбыльцев. - http://ztgzt.kz/volshebnaya-plastika/ -12 ноября 2019 г.
- Театр современного танца «Samruk». - https://almaty-ayenderi.kz/ru/creative#tab6, 2022
- Интервью. Гульнара Адамова. – Хабар - https://www.youtube.com/results?search_query=%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B5%D1%82%D1%8B+%D0%93%D1%83%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%B0%D1%80%D1%8B+%D0%90%D0%B4%D0%B0%D0%BC%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D0%B9. 24.10.2014
- Евдокименко К. Ведьма тоже женщина. Общественно-политическая газета Казахстана Время. – март 2022. - https://time.kz/articles/grim/2022/03/08/vedma-tozhe-zhenshhina