АДЫРХАЕВ Мұрат Плеханұлы
Өмірбаяны
(02.01.1961, Владикавказ қ., Солтүстік Осетия, КСРО) - балет әртісі, педагог. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1988).
1973-1979 - А. Я. Ваганова атындағы Ленинград хореографиялық училищесінің оқушысы. педагогтары: Ю.М. Найдич, Ю.И. Умрихин, А.В. Хмельницкий.
Жолдамамен Солтүстік Осетия музыкалық-драма театрына (қазіргі-Солтүстік Осетия - Алания Республикасының Ұлттық мемлекеттік опера және балет театры (Мариин театрының филиалы) жіберілді, онда екі театр маусымында жұмыс істеді.
1981-1982 - Мәскеу академиялық хореографиялық училищесінде А. В. Хмельницкий сыныбында біліктілікті арттыру курсын өтті.
1982-1990 - Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театры (МАОБТ) репертуарындағы классикалық балеттердің барлық негізгі партияларын орындады: Зигфрид («Аққу көлі»), Альберт («Жизель»), Базиль («Дон Кихот»), Жан де Бриен («Раймонда»); Спартак, Красс («Спартак»); Колен («Бекер сақтық», «Тщетная предосторожность»), Вацлав («Бахчисарай бұрқағы»), Граф Резанов («Юнона» және «Авось»). Алматы хореографиялық училищесінің түлектеріне жұптасып билеуден көмек көрсетті. Абай атындағы МАОБТ-да Р. Байсейітова, М. Қадырова, Г.Түткібаева, Ш. Мұсахановалармен биледі.
1990 - «Кремль балеті» театрының солисі (Мәскеу), партия: Король Дункан (К.В. Молчановтың «Макбет», В. В. Васильевтің хореографиясы).
1992-1994 - Вакиль Усмановтың Мәскеу хореография театрының солисі (Мәскеу), миниатюралар мен дивертисменттер: С.С. Рахманинов музыкасына «Элегия», «Дон Кихот», «Жизель» және т. б. классикалық мұра балеттерінен pas-de-deux.
2000-2005 - Одесса ұлттық академиялық опера және балет театрының солисі, басты партиялары: Солор («Баядерка», Л.Минкус), Князь Дезире («Ұйқыдағы ару», П. Чайковский), Хосе («Кармен», Ж. Бизе - Р. Щедрин).
2018 жылдан - «Алан» Мемлекеттік академиялық халық би ансамблі мен республикалық колледждің (Владикавказ, РФ) педагогы.