АХМЕДЬЯРОВ Қазбек Ғазизұлы

19.10.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

(23.09.1981 ж., Қаратөбе кенті, Қаратөбе ауданы, Орал облысы) – балет әртісі. «Құрмет» орденінің иегері (2018).

1991-1999 – А.В.Селезнев атындағы АХУ-де оқыды, педагогтары: Р. А. Лукомская, Э. А. Усин, А. М. Джалилов, Э. Д. Мальбеков, В. П. Голов. Оқу жылдарында халықаралық балет әртістері байқауының дипломанты (Лозанна, Швейцария, 1996) және халықаралық хореографиялық училищелер байқауының I- сыйлығының лауреаты (Новосибирск, Ресей, 1999) атанды;

2022 – Қазақ ұлттық хореография академиясында «Хореография» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды;

1999-2015 – Франция мен Германияның балет компанияларындағы Премьер-солист бишісі: Тулуздағы «Ballet du Capitole», Париждегі Францияның жас балеті, Висбадендегі Гессен мемлекеттік театры, Саарбрюкен қаласындағы Неміс Мемлекеттік опера және балет театры. А. Борнонвиллдің Дж. Баланчиннің, Р. Нуреевтің, У. Форсайттың, И. Килианның, Д. Доусонның: «Неаполь», «Сильфида», «Дженцанодағы гүлдер фестивалі» («Фестиваль цветов в Дженцано»), «Раймонда», «Кішкентай өлім» («Маленькая смерть»), «Дон Кихот», «Аққу көлі», «Синатраның тоғыз әні» («Девять песен Синатры»), «Алисаның Ғажайыптар еліндегі шытырман оқиғалары» («Приключение Алисы в Стране чудес»), «Щелкунчик», «Жалын-құс» («Жар-птица»), «Жизель», «Корсар», «Павана мавра», «Кармен», «Үйлену тойы» («Свадьба»), «Коппелия», «Үш Ноян» («Три мушкетера») т. б. балеттерінде жетекші партияларды орындады.

2015 жылы «Астана Балет» театрына хореограф көмекшісі және жетекші солист ретінде шақырылды. Оның қатысуымен бір актілі «Gaia», «Махаббат қорқынышының жоғалуы» («Love Fear Loss»), «A Fuego Lento», «Қиялға бойлау» («Прикосновение иллюзии»), «Diversity» (хореограф Р. Амаранте) балеттер қойылды. Ол сонымен қатар негізгі партиялардың орындаушысы ретінде өнер көрсетті, театр спектакльдеріндегі партиялардың алғашқы орындаушысы: Ирод («Саломе»), Бейбарыс («Сұлтан Бейбарыс», хореограф М. Авахри), Ханзада («Золушка», хореограф Н.Калинина). 2019 жылдан бастап орындаушылық қызметін театрда педагог-репетиторының жұмысымен ұштастырады.

Театрдың әлемдік жетекші балет қорларымен шығармашылық ынтымақтастығын дамытуға үлкен үлес қосты. Нәтижесінде Қазақстанда алғаш рет «Астана Балет» театрының сахнасында Дж. Баланчиннің «Серенада», «Барокко концерті», «Рубиндер» және У. Форсайттың хореографиясы «In the Middle Somewhat Elevated» (премьерада жетекші партияны орындады) балет өнерінің жауһарлары сәтті қойылды.

Марапаттары: «Халық алғысы» медалінің иегері (2020).

Сілтемелер


Медиа галерея

АХМЕДЬЯРОВ Қазбек Ғазизұлы

АХМЕДЬЯРОВ Қазбек Ғазизұлы

АХМЕДЬЯРОВ Қазбек Ғазизұлы

АХМЕДЬЯРОВ Қазбек Ғазизұлы