АҚСАҚ-ҚҰЛАН

24.10.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

2 актілі балет.

Композитор - Алмас Серкебаев. Либретто - Тұраш Ибраев. Хореография және қойылымы - Минтай Тлеубаев. Қоюшы-суретші - Эрнст Гейдебрехт. Қоюшы-дирижер - Төлепберген Әбдірашев.

Премьерасы 1976 жылы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Жошы хан - Александр Медведев; Хан-Зада - Дүйсенбек Нақыпов, Қайрат Мажикеев, Ұлан Мирсейідов; Кербұға - Эдуард Мальбеков, Юрий Васюченко; Баршагүл - Раушан Байсеитова.

Балеттегі көріністер ХIII ғасырдағы моңғол-татар шапқыншылығының қанды кезеңінен сыр шертеді. Жошы ханның ұлы Хан-Зада қазақ даласына аңға шығып, қоныстанған жайлаудан бір үйір құландарды үркітеді. Күтпеген қонақтың жолына қартаң серке құлан ғана кедергі жасайды. Басқыншылық туралы үнсіз сұраққа оның аяғына қадалған жебе жауап болды. Әйтсе де, қайсар құлан дегенінен қайтпады, ханзада - әкесінің мақтанышы, үміті қаперімде қарт құланның тұяғы астында тапталып өледі. Әкеге баласы туралы жаман хабар жеткізген адамды ауыр жаза күтіп тұр. Тек қайсар Кербұға домбырасының көмегімен бар шындықты айтады. Пернелердің әуені өлім суретін мәнерлі түрде салады. Жошы ханның бұйрығы орындалып: домбыраның көмейіне қорғасын құяды.

Медиа галерея

АҚСАҚ-ҚҰЛАН

АҚСАҚ-ҚҰЛАН

АҚСАҚ-ҚҰЛАН

АҚСАҚ-ҚҰЛАН

АҚСАҚ-ҚҰЛАН

АҚСАҚ-ҚҰЛАН