АЛЕКСИДЗЕ Георгий Дмитриевич

09.01.2024  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

(01.01.1940, Тбилиси қ. - 20.06.2008, Тбилиси қ.) - балетмейстер, педагог. Грузин КСР Халық әртісі (1989).

1960 - Мәскеу хореография училищесін А.Мессерер сыныбы бойынша бітірді.

1966 - Ленинград консерваториясының балетмейстер бөлімін, Ф. Лопуховтың шеберханасында бітірген.

1961-1962 - Палиашвили атындағы Грузия опера және балет театрының труппасында биледі. («Доктор Айболиттегі» Ванечка, «Аққу көліндегі» Неаполитандық би, «Бекер сақтық», ««Тщетной предосторожности») Pa-de-deuх).

1966 - балет миниатюралары бағдарламасымен (дипломдық жұмыс) Ленинград филармониясының сахнасында хореограф ретінде дебюті өтті. Әр кезеңдерде Палиашвили атындағы театрдың бас балетмейстері; Пермь театрының бас балетмейстері болып жұмыс істеді.

1967-1973, 1981-1985 - Ленинград консерваториясының балетмейстер бөлімінің педагогы.

Көптеген камералық хореографиялық шығармалар мен бір актілі балеттердің авторы: «Орестея» (1968), «Скиф сюитасы» (1969), «Перілердің сүйісі» («Поцелуй феи», 1970), «Сван аңызы» («Дали және аңшы»; «Сванская легенда» («Дали и охотник»), С. Цинцадзе, «Медея» Р. Габичвадзе (1978), «Золушка» (1980); «Моцартиана», «Дамис сынағы, немесе қызметші бойжеткен-ханым» («Испытание Дамиса, или Барышня-служанка»,), «Адасқан ұл» («Блудный сын», 1981); «Сильвия» (1982). Вильнюс, Таллин, Ереван, Алматы театрларының сахналарында балеттер қойған.

Абай атындағы МАОБТ-да. Г. Алексидзе екі балет қойылымын жүзеге асырды: Хосе Лимонның «Маврдың Павансы» балетін («Павана мавра», 1990) көшіріп, Ғ.Жұбанованың музыкасына «Қарагөз» авторлық ұлттық балетін қойды, балетке либреттоны Ә. Мамбетов хореографпен бірлесіп жазған (1990).

Медиа галерея

АЛЕКСИДЗЕ Георгий Дмитриевич

АЛЕКСИДЗЕ Георгий Дмитриевич

АЛЕКСИДЗЕ Георгий Дмитриевич

АЛЕКСИДЗЕ Георгий Дмитриевич

АЛЕКСИДЗЕ Георгий Дмитриевич

АЛЕКСИДЗЕ Георгий Дмитриевич