АРАНХУЭС

24.10.2023  | Автор: Қабдуллина Е.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Композитор - Хоакин Родригоның «Аранхуэс концерті» музыкалық композициясы; испан композиторларының шығармалары. Либретто, хореография және қойылымы - Гүлнара Адамова.

Премьера 2001 жылы Қазақстанның Ресейдегі мәдени күндерінде Санкт-Петербургтегі А.И.Райкин ат. Эстрада театрының сахнасында өтті. Спектакль «Самұрық» заманауи би театрының труппасына арнап қойылды. Сондай-ақ осы күндері Мариин театрында спектакльдің фрагменттері қойылды.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Бас кейіпкер - ҚР халық әртісі Гүлжан Туткибаева, Альбина Додарходжаева, Әсел Абақаева; Бас кейіпкер - Ерсайын Мұқаев, Екінші кейіпкер - Бауыржан Қосманов. Көпшілік сахналарды орындаушылар: Жанна Орлова, Наталья Корчагина, Елена Эзау, Раушан Шермаханбетова.

Балет махаббаттың сынақтары, адалдық пен ажырасу, өмір мен өлім туралы баяндайды. Басты кейіпкердің бейнесі арқылы Испанияның жиынтық бейнесі ұсынылады. Балет Аранхуэс концертінің музыкалық материалына негізделген. Балеттің осылай аталуы да сол себепті. Сахнада махаббат үшбұрышы көрсетіледі: солист пен екі ер биші, олардың әрқайсысы одан үмітті. Үштіктің алғашқы кездесуінде трагедияның одан әрі қарай дамуының нобайы көрсетіледі. Бұл тек махаббат пен бәсекелестіктің басы. Соңғы көрініс қыздың эмоционалды драмалық биінде бейнеленген, яғни сүйікті адамның өлімі және басты кейіпкердің үмітсіздігі туралы айтады. Балеттегі кордебалет қос драмалық функцияны орындайды: ол қала тұрғындарын және басты кейіпкердің сезімдері мен эмоцияларын бейнелейді.

Медиа галерея

АРАНХУЭС

АРАНХУЭС