АВДЫШ Давид
Өмірбаяны
(04.07.1952, Житомир қ. - 2020, Санкт-Петербург қ.) - балет әртісі, хореограф.
1963-1971 - Киев хореография училищесінің оқушысы.
1974-1977 - Н. Римский-Корсаков атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясының балетмейстер бөлімінің студенті. А. Полубенцевтің шеберханасы, 1 курста М. Тілеубаевпен бірге оқыды. 4 курста оқып жүріп, И. Стравинскийдің «Петрушка» балетін өз нұсқасында, кейінірек - «Муха-Цокотуха» балетін және Консерватория театрының сахнасында «Огниво» операсын сахналады.
1978 жылдан Омбы музыкалық театрының хореографы, онда ол «Бекер сақтық («Тщетная предосторожность»), «Тиль туралы аңыздар» («Легенды о Тиле») балеттерін қойды.
2002-2003 - Пермь опера және балет театрының бас балетмейстері.
2007 - Санкт-Петербург консерваториясының балет труппасының хореографы, Санкт-Петербург музыкалық холл балетінің көркемдік жетекшісі. Әр түрлі театрларға қойылымдарға шақырылды: «Шебер және Маргарита» («Мастер и Маргарита». Пермь, Киев, 2007); Санкт-Петербург консерваториясында «Щелкунчик» (2008). Осы жылдар ішінде ол Санкт-Петербургтің мәнерлеп сырғанаудан құрама командасының жаттықтырушы-хореографы болып жұмыс істеді, онда әйгілі мәнерлеп сырғанаушыларға қойылымдар жасады. К. Байсейітова атындағы ҰОБТ-ның сахнасында А.Бестібаевтың (2011) музыкасына «Бәйтерек» балетін қоюды жүзеге асырды.