АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

30.10.2023  | Автор: Саитова Г.Ю.

Өмірбаяны

(13.09.1938 ж., Семей қ. - 13.12.2022 ж., Алматы қ.) - балет әртісі, балетмейстер, режиссер-хореограф, либреттист, педагог, актер. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1967 ж.), ҚазКСР Халық әртісі (1973 ж.), ҚазКСР Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1971 ж.), ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972 ж.), әлемдік мәдениетке қосқан жеке үлесі үшін халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты (2010 ж.), Қазақстан Меценаттар Клубының тәуелсіз «Платиналық тарлан» (2000) сыйлығының лауреаты, 2022 жылы «Umai» ұлттық сыйлығы бойынша «Қазақ балетінің аңызы» номинациясы табысталды.

1946-1955 - Алматы хореография училищесінің түлегі . «Балет әртісі» мамандығы бойынша педагогтары: М.И.Мроз, А.В.Селезнева, В.Е.Николаев, Д.Н.Гацина.

1955-1957 - А.Я.Ваганова ат. Ленинград хореография училищесінде тағылымдамадан өтті, педагогтары: Ю.И.Умрихин, А.И.Пушкин, А.И.Бочаров, В.Э.Бибер;

1959-1964 - А.В.Луначарский ат. Мемлекеттік театр өнері институтын Р.В.Захаровтың шеберханасында бітірген, педагогтары: М.Васильева-Рождественская, Т.Ткаченко.

1957-1959 - Абай ат. Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет солисі. «Аққу көлі» («Лебединое озеро») 3-ші актісінен «Испан биі», «Бақшасарай бұрқағы» («Бахчисарайский фонтан) балеттерінде би биледі. Кейінірек театрдың бас балетмейстері Ю.Ковалевтің рұқсатымен «Аққу көлі» балетінде Ротбарт партиясын дайындап, өзіне екінші және үшінші актілердегі көріністердің хореографиясын қойды. А.В.Луначарский атындағы Мәскеу Мемлекеттік театр өнері институтының (ГИТИС) режиссерлік бөліміне түсу емтиханы кезінде С.Рубинштейннің музыкасына «Тореадор және андалузка» биін қойып, орындады.

1964-1967 - балет солисі, «Екі актер театрын» құрды (И.Манская, Б.Аюханов). Хореографиялық нөмірлер мен композициялардың қоюшысы және орындаушысы: Я.Сибелиустың «Көңілсіз вальс» («Грустный вальс»); «Қазақ эпосының беттері» атты бағдарламаға: С.Мұхамеджановтың «Қарға-батыр мен Біршімбай», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара айтысы» (аттас операдан сюита), Б.Ерзаковичтің музыкасына «Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу» «Баян сұлу мазарының жанында» көрінісін, «Жекпе-Жек» (С.Мұхамеджановтың «Ғасырлар дауысы» симфониялық поэмасынан) шығармалары қойылды.

1967-2010 - «Алматының жас балеті» хореографиялық миниатюралар ансамблінің балет солисі (қазіргі ҚР Мемлекеттік академиялық би театры).Төмендегі балеттерде негізгі партияларды орындады: Гамлет - «Гамлет» (А. Исаков); Тореро - «Кармен-сюита» (Ж.Бизе-Р.Щедрин); «Батырлар» (А.Исаков); «Қылмыс пен жаза» («Преступление и наказание», Д.Шостаковичтің 4-ші симфониясы); «Төрт портрет және шешім» («Четыре портрета и развязка») Ф.Достоевскийдің повесі негізінде «Ойыншы» («Игрок», С.Прокофьев, Б.Мягковтың хореографиясы); хореографиялық миниатюралар, билер, композициялар: «Күн мен Түн» («День» и «Ночь», Ф.Шопен); «Бүркіт пен түлкі» (Н.Тілендиев); «Коррида» (Фергюссон); «Ария» (А.Жұбанов); Хосе Кабестянидің «Испан Самбрасы» ( «Испанская Самбра»); «Бамбалео» Латын Америка биі және басқалар.

Балетмейстерлік қызметі: 1959-1967 - Абай ат. Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында - «Тореадор және андалузка» (С.Рубинштейн,); «Махаббат армандары» («Грезы любви», Ф.Лист); молдавия биі «Чукурлия» (Халық музыкасы); Куба биі «Тамбо» (Р.Вальдес); Испан биі «Самбра» (Х.Кабестьяни); Кубаның «Кішкентай ансамбль» биі («Маленький ансамбль», Лекуон); «Интродукция және рондо-капричиозо» (К.Сен-Санс); «Романс» (Амброзио); «Әуен» «Мелодия» (А.Дворжак); «Көктемгі сулар» («Весенние воды», С.Рахманинов); «Бостандық хабаршысы» («Вестник свободы», Ғ.Жұбанова).

1967-2022 - «Айтылмаған ән» («Неспетая песня», Н.Атаева); «Аве Мария» (Ф.Шуберт); «Ақындар биі» («Қосалқа» Дәулеткерей) сонымен қатар басқа да көптеген балеттерін: «Қыз-Жібек» (Е.Брусиловский); «Болеро» (М.Равель); «Қазақ кәдесыйлары» («Казахские сувениры», Вс.Болгаровский); «Жарыс», «Батырлар» (А.Исаков), «Гамлет» (А.Исаков); «Кармен-сюита» (Ж.Бизе - Р.Щедрин); «Керуен» (Т.Қажығалиев); «Камелия ұстаған ханым» («Дама с камелиями», Д.Верди); «Фудзияма үстіндегі тырналар» («Журавли над Фудзиямой», Ғ.Жұбанова); «Эдит Пиаф - Францияның жаны» («Эдит Пиаф - душа Франции», француз композиторларының музыкасы); «Биле, менің Эсмеральдам» («Танцуй, моя Эсмеральда», Дж. Коччиане); «Шыңғыс ханның ақ бұлты» («Белое облако Чингисхана», М.Иржанова, А.Исаков); «Анна Каренина» (Р.Щедрин); «Мәнгүрт» немесе» Мәнгүрттің анасының көз жасы» Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» атты повесті бойынша («Манкурт» или «Слезы матери Манкурта», Н.Закиров); «Электра» (А.Скрябин); «Скиф сюитасы», («Скифская сюита», С.Прокофьев); «Вальпургия түні» («Вальпургиева ночь», Ш.Гуно); «Саломея» (М.Лищиц); «Қылмыс пен жаза» («Преступление и наказание», Д. Шостаковичтің VI симфониясының I және III бөлімдері); «Евгений Онегин» (П. Чайковский - М.Плетнев); «Күн сәулелі Казахстан билері» («Танцы солнечного Казахстана», қазақстандық композиторлардың музыкасы); «Анна Павлова - орыс балетінің аққуы» («Анна Павлова - лебедь русского балета»); «Жизель немесе Виллистер» (А.Адан); «Орақ пен балға» («Серп и Молот», кеңес композиторларының музыкасы); «Революция сұңқарлары» («Соколы революции», кеңестік және қазақстандық композиторлардың музыкасы); Аида (Дж.Верди).

Хореографиялық миниатюралары: «Аве Мария» (И.С.Бах - Ш.Гуно); «Мәңгілік қозғалыс» («Вечное движение», Н.Паганини); «Ондина» (М.Равель); «Үнді фрескасы» (Ж.Бизе); бірінші фортепиано концерті (П.Чайковский); екінші фортепиано концерті (І бөлім С.Рахманинов); «Үш көңіл-күй» («Три настроения», А.Скрябин); М.Лермонтовтың «Маскарад» драмасына қойылған «Вальс» (А.Хачатурян); «Гүлдер вальсі» («Вальс цветов», П.Чайковский); «Жеті сұлу» («Семь красавиц» балетінен «Вальс», К.Караев); «Наташа Ростованың вальсі» («Вальс Наташи Ростовой», С.Прокофьев); «Маргаританың түсі» («Сон Маргариты» М. Булгаковтың «Мастер и Маргарита» романы негізінде; «Суретші және Аққу» (К.Сен-Санс) («Художник и лебедь») және басқалар.

Басқа елдердің театрларының сахналарында жүзеге асырылған қойылымдары:

1983 - А.Малдыбаев атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында (Қырғызстан) «Станциялық бақылаушы» («Станционный смотритель» балеті, музыкасы Т.Нильдикешев, Б.Аюхановтың либреттосы.) басты рөлде Б.Аюханов;

1996 - А.Навои атындағы Үлкен опера және балет театры, «Насрединнің қулықтары» («Проделки Насретдина», С.Юдаков);

1997 - Ұлттық хореография академиясы (Ташкент, Өзбекстан 1997 ж.) - «Паганини тақырыбындағы Рапсодия»; Измир опера және балет театры (Түркия) -«Фархад пен Шырын» (А.Меликов).

Педагогикалық қызметі:

1964-1967 - Алматы хореографиялық училищесінің көркемдік жетекшісі.

1994-2003- Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Хореография режиссурасы» кафедрасындағы шеберханасы.

«Біздің жер қойнауымыздың байлығы» («Богатство наших недр» Свердлов киностудиясы); «Бормен сурет салу» («Рисунок мелом» Ш.Айманов); «Репетиция» (А.Машанов); «Жау, тоғызыншы ұлдан қорық» «Бойся, враг, девятого сына» ("Айдахар" режиссер В. Пусурманов, 1984); «Әдемі Айсұлу туралы аңыз» («Сказка о прекрасной Айсулу», В.Чугунов, 1987 ж.); «Қараңғылықтың иесі» («Повелитель тьмы», В.Чугунов, А.Беркович, 1990); «Қайсар»; «Мадам Вонгтың құпиялары» («Тайны мадам Вонг» (қарақшы Пак, режиссер С. Пучинян, 1986); «Шабыт» («Вдохновение», М. Васильева); «Би бейнесі» («Образ танца» М. Васильев). «Молодой балет Алма-Аты» (О.Караев, «Қазақтелефильм», 1971); «Өмір ережелері. Болат Аюханов» (Астана TV телеарнасы, 2019); «Pas-de-bourrée au travers de la vie» (Пас-де-буре өмір бойынша)» (М.Васильев, Miv шығармашылық бірлестігі, 2021) - екі сериядағы фильм; «Би туралы. Б. Аюхановтың ҚР Мемлекеттік би ансамблі», оның ҚР би мәдениетін дамытуға қосқан үлесі» (Ф.Мусина, ABAI TV, 2021).

Библиография

  • Аюханов Б. Мой балет. – Алма-Ата: Өнер, 1988. – 104 с.
  • Аюханов Б. Биография чувств. – Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 2002. – 336 с.
  • Витражи балета или pas de bouree по жизни. Кн.1 – Алматы, 2013. – 448 с.
  • Витражи балета или pas de bouree по жизни. Кн.2 – Алматы, 2013. – 448 с.
  • Буклет: Молодой балет Алма-Аты. – Алма-Ата, 1987
  • Буклет: Государственный академический театр танца Республики Казахстан. – Алматы: ТОО «Wink», 2007
  • Хореографы Казахстана (иллюстрированный информационный справочник) (1934-2012 гг.)/ Под. общ. ред. Д.Т. Накипова. – Алматы, 2012. -206

Сілтемелер

Медиа галерея

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы

АЮХАНОВ (Қуатов) Болат Ғазизұлы