ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫ

19.10.2023  | Автор: Саитова Г.Ю.

Өмірбаяны

ҚР МКҚК «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК 2021 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11наурыздағы № 126 Қаулысымен құрылған «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ҰБА негізінде ашылды. Ашылуы 2016 жылғы 31 тамызда Астана қаласында өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Алтынай Асылмұратова Академияның ректоры болып тағайындалды; көркемдік жетекшісі - Әсел Құрманбаева. 2022 жылдан бастап академия ректоры Бибігүл Нүсіпжанова, көркемдік жетекшісі А.Асылмұратова, колледж мектебінің меңгерушісі Светлана Кокшинова. Оқу орнының ашылуын дайындап, ұйымдастыруда - А. Алишева, А. Кульбекова, Е. Андагулов, Д. Абдрасилова, Г. Кесекова, Ж. Каймекина (Кусаинова), Ш. Козжанова және басқалары белсенді түрде қатысты.

Қазақ ұлттық хореография академиясы - көп деңгейлі кәсіби хореографиялық білім берудің толық циклі бар Орталық Азиядағы тұңғыш жоғары оқу орны. Университет келесі білім деңгейлерін қамтиды: бастауыш, техникалық және кәсіптік, жоғары (бакалавриат), аспирантура (магистратура, докторантура).

Академияның негізгі миссиясы мен міндеті - шеберлігі мен күш-жігері хореографиялық өнер мен мәдениетте Қазақстанның жаңа ұлттық брендін қалыптастыруға бағытталатын дарынды орындаушылар мен хореографтарды, хореография пәндерінің педагогтарын, өнертанушылар мен зерттеушілерді, өнер менеджерлерін дайындау. Университеттің негізгі қызметі келесі бағыттар бойынша кадрлар даярлау болып табылады: мектеп-колледжде «Балет әртісі» және «Би ансамблінің әртісі»; Бакалавриат бойынша «Балетмейстерлік өнер», «Хореографиялық өнер педагогикасы», «Спорттық бал биінің педагогикасы», «Өнертану» және «Арт- менеджмент»; Магистратурада «Хореография», «Өнертану» және «Арт-менеджмент»; Докторантурада «Хореография» және «Өнертану». Хореография факультетінде қос диплом және дуальді білім, өнер факультетінде - екінші жоғары білім, мамандандырылған магистратура (1 жыл) бар.

Жаңа оқу орнындағы білім бадарламаларында А.Я.Ваганова ат. РБА, Мәскеу мемлекеттік хореография академиясы және А.В. Селезнева ат. АХУ классикалық биді үйретудегі апробациядан өткен әдістері ескерілген. Тәжірибелі шеберлер мен жас оқытушылар жетекші ресейлік және шетелдік мектептердің танымал педагогтарымен бірлесіп жұмыс істейді, олардан тағлымдамадан өтіп, шеберлік сабақтарына шақырады.

Сапалы білімнің кепілі - Қазақстанның жетекші хореографиялық оқу орындары мен орталықтарынан шақырылған мамандардан құралған Академияның оқытушылар құрамы. Қазақ Ұлттық өнер университетінің хореография факультеті толығымен академияға көшірілді. А.В. Селезнев ат. АХУ педагогтарымен бірге бітіруші курс оқушылары да шақырылды. Мәскеу мен Санкт-Петербургтің танымал балет мектептерінде өз шеберліктерін шыңдаған үздік қазақстандық педагог-хореографтардан басқа, Т.Қ.Жүргенов ат. ҚазҰӨА студенттеріне шақырылған шетел мамандары сабақ береді: РФ еңбек сіңірген әртісі Константин Заклинский, ТР халық әртісі, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері Георгий Ковтун, Елена Шерстнева, Антон Луковкин.

Академия репертуары ең жақсы классикалық балет мұрасының, ұлттық және заманауи хореографияның үздік үлгілерінен қалыптасқан. Оқушылар Академияның, «Астана Опера» және «Астана Балет» театрларының сахналарында өнерлерін көрсетіп қана қоймай, Алматы, Баку, Ташкент театрларында да өз концерттік бағдарламаларын сәтті орындады.

Алғашқы есеп беру концерті 2017 жылдың 29 мамырында өтті. Сол жылдың 27 желтоқсанында В. Вайноненнің хореографиясы бойынша А.Асылмұратова қойған П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінің премьерасы академия үшін ерекше оқиға болды. 2022 жылы Василий Медведевтің «Роман бутона розы и мотылька» балеті қойылды. Концерттік іс-шаралар және сахналық практика бөлімінің меңгерушісі Гүлнара Әлиева.

Академия әр түрлі елдердің жетекші хореографиялық мектептерімен белсенді ынтымақтастық орнатқан, оқушылар мен студенттер конкурстар мен фестивальдерге қатысуға, ал, педагогтар шебер-сыныптар өткізуге барады. Қытай, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Өзбекстан, Ресей педагогтері шеберлік сабақтарын өткізуге шақырылады. Осы кезеңде Академияның оқушылары мен студенттері әртүрлі хореографиялық байқаулардан 44 жүлдені жеңіп алды: 4 Гран-при; 2 алтын медаль; 2 күміс медаль; 1 қола медаль; 23 1-орын лауреаты, 14 2-орын лауреаты; Әртүрлі номинациялар бойынша 6 3-орын лауреаты және көптеген дипломдар.

Академияда түрлі байқаулар өткізіледі: «TEMPS LIE» Халықаралық балет фестиваль-конкурсы (2018, 2021), Шары Жиенқұлова атындағы Республикалық қазақ биі байқауы (2019, 2023), Хореографтардың халықаралық байқауы (2022, 2023). 2018 жылдан бастап, Қазақстан ЖОО арасында хореографиядан республикалық пәндік олимпиада жыл сайын өткізіліп келеді. Академияда фестивальдар мен байқаулар аясында хореографиялық өнердің белгілі қайраткерлері студенттерге шеберлік сабақтарын өткізді: И. Мухамедов, У. Лопаткина, А. Лиепа, С. Жеромски, Е. Кузьмина және тағы басқалар.

Академияда 2017 жылдан бастап хореографиялық өнер саласындағы өзекті мәселелермен әртүрлі елдердің зерттеушілерімен алмасу алаңы ретінде және Академия оқытушыларының, магистранттары мен докторанттарының еңбектері жарияланатын «ARTS ACADEMY» ғылыми журналы шығады (бас редакторы - Жанна Толысбаева). «Science» кафесі оқытушылардың, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың ғылыми ынтымақтастық дағдыларын дамыту бойынша белсенді жұмыс жасауда. Хореография факультетінде қазақ биінің зертханасы құрылды (2019 ж.). Зертхананы танымал педагог Тойған Ізім басқарады. Өнер факультетінде «OnerLab» зертханасы жұмыс істейді, жетекшісі Гүлнара Жұмасейітова. Осы зертханалардың жұмысы аясында «Қазақ биінің анықтамалығы» (2021), «Қазақстанның хореографиялық өнері: дәстүрлер мен қазіргі заман» ұжымдық монографиясы (2023), «Қазақстанның хореографиялық өнері: тұлғалар, спектакльдер, ұжымдар» энциклопедиясы (2023), Қазақ биі. Эксперименттік оқу бағдарламасы (2023), профессорлық құрамның күшімен ҚР БҒМ мемлекеттік қаржыландыру шеңберінде шаруашылық есептегі ғылыми жобалар орындалады.

Декандар: хореография факультеті - Г.Саитова, Н. Канетов, Д. Кабдусова (деканның орынбасары) А.Тұрғанбаева; өнер факультеті - Ж.Сұлтанова, Р.Досжан. Осы жылдар ішінде факультеттерде арнайы пәндер кафедраларын: С.Кокшинова, Т.Ізім, М.Тукеев, Р.Кензикеев, З.Исламбаева, Г.Жұмасейітова басқарды.

Библиография

  • Казахская национальная академия хореографии. Выпуск 2017/2018. Выпускной альбом. Ред. В. Семенов. - Астана: КазНАХ, 2019; СПб.: Изд. «Галерея Печати», 2019. - 179 с.

Сілтемелер

Медиа галерея

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫ