"ҚАЗЫНА" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ

20.10.2023  | Автор: Ізім Т.О.

Өмірбаяны

«Қазына» халықтық би хореографиялық ансамблі Шымкент педагогикалық мәдениет институты жанында 1989 ж. құрылды, бірінші басшы және қоюшы-балетмейстер Сәуле Балбаракова (1989-2000) болды 2003 жылы Зәуре Әжібекованың жетекшілігімен ансамбль Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шәмші Қалдаяқова атындағы филармония жанынан қайта жанданды. Қазіргі уақытта басшы - ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Зәуре Әжібекова.

Ансамбль репертуарында қазақ фольклоры мен әлем халықтарының билері негізінде 80-нен астам хореографиялық қойылымдар бар. Ансамбльдің репертуары З. Әжібекованың және алыс, жақын шетелдердің танымал балетмейстерлерінің қойылымдарынан тұрады: И.Ларионов, А. Шишикин, Х. Ахмедов, Е. Щеголев, П. Абдураимов, Г. Сыдықов.

Ансамбль жақын және алыс шет елдерде жиі гастрольдік сапармен жүреді: Австрия (Филлах, Клагенфурт, 2016), Болгария (София, 2016), Ресей (Екатеренбург, 2017; Санкт-Петербург, 2019), Түркия (Кастамону, 2018), Босния (2018), Герцеговина (2018), Черногория (Монтенегро), 2018), Албания (2018), Македония (Скопье, 2018), Болгария (София, Пловдив, 2018), Жапония (Токио, 2018), Бельгия (Брюссель, 2019), Германия (Берлин, 2019), Қырғызстан Республикасы (Ош, 2019), Өзбекстан Республикасы (Ташкент, 2019).

Қазақстан өнерін көрсете отырып, маңызды мәдени іс-шараларға қатысады: Ресейдегі ҚР Мәдениет күндері (Кемерово, 2003); Грузиядағы қазақ мәдениеті күндері (Тбилиси, 2007); Өзбекстандағы ҚР Мәдениет күндері (Ташкент, 2019).

Түрлі халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпазы: Шара Жиенқұлова атындағы Республикалық қазақ биі байқауының жүлдегері. (Алматы, 1992); «Шабыт» халықаралық фестиваль-конкурсының III- сыйлығы (Астана. 2004); Шара Жиенқұлова атындағы ІІІ- республикалық қазақ би байқауының жүлдесі (Орал, 2006); «Буран бел» халықаралық байқауының III- сыйлығы (Шымкент, 2007); «Шашу» Республикалық байқауының II сыйлығы (Қызылорда, 2007); «Шабыт» халықаралық фестиваль-байқауының І- сыйлығы (Астана, 2008); Туфак халықаралық байқауының ІІ- сыйлығы (Ялова қ., Түркия, 2011); Шара Жиенқұлова атындағы IV- Республикалық қазақ би байқауының Гран-При жүлдесі. (Астана, 2012); «Хореография» номинациясы бойынша «Аймақтар аламаны» республикалық телевизиялық байқауының I- сыйлығы (Астана, «Хабар» Ұлттық телеарнасы, 2012); башқұрт биінің халықаралық байқауының I- сыйлығы (Уфа, 2012); «Қазақстан раушандары» халықаралық байқауының Гран-При жүлдесі (Алматы, 2016); II- Халықаралық байқау сыйлығы, үздік қойылымдар үшін диплом (София, Болгария,2016); Қазақстанның Тұңғыш Президенті,Ұлт Көшбасшысы Қорының лауреаты (2017); «Ресей раушандары» халықаралық байқауының Гран-При жүлдесі (Екатеренбург, 2017); «AltynKaraqoz» халықаралық халық би байқауының I- сыйлығы (Бурса қ., Түркия, 2017); «Ресей раушандары 2019» халықаралық хореографиялық байқауының I- сыйлығы (Санкт-Петербург, Ресей,2019).

Медиа галерея

"ҚАЗЫНА" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ

"ҚАЗЫНА" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ

"ҚАЗЫНА" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ