БАПОВ Сұлтан Маратұлы
Өмірбаяны
БАПОВ Сұлтан Маратұлы (19.10.1967ж., Алматы қ.) - биші. «Құрмет» орденінің иегері (2018 ж.).
А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде оқыған (1978-1986), педагогтары: А.Бүркітбаев, Ғ.Н.Бейсенова, А.Н.Зарембо. Академиялық құқықтық институтты «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (2002 ж.).
1988-1997 - Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің балет әртісі; 1997-2000жж. ҚР Қорғаныс министрлігі орталық ән-би ансамблінің балет әртісі; 2000-2007жж. Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің балет солисі; 2007 жылдан - педагог-репетитор, 2020 жылдан - ансамбль балет труппасының меңгерушісі.
Техникалық мүмкіндіктері мен актерлік шеберлігі бишіге барлық ерлер билерінде жеке партияларды орындауға мүмкіндік берді. Көрнекті балетмейстер З.Райбаев репертуарындағы «Алтын бүркіт» биін С.Баповқа өзі тапсырған болатын, би көрермендер арасында үлкен жетістікке ие болды. Ансамбль құрамында халықаралық фестивальдерге, гастрольдік сапарларға, әлемнің түрлі елдеріндегі өнер онкүндіктеріне қатысып, Қазақстанның би өнерін жоғары деңгейде көрсете алды.
Марапаттары: «ҚР Мәдениет қайраткері» (2000); «Ерен еңбегі үшін» медалі (2010).