БОЙЖЕТКЕНМЕН БҰЗАҚЫ
Өмірбаяны
7 бөлімнен тұратын бір актілі балет.
Композитор - Дмитрий Шостакович. Либретто - Александр Белинский, Владимир Маяковскийдің аттас сценарийінің желісі бойынша. Хореография - Константин Боярский. Қоюшы-балетмейстерлер - Наталья Янанис, Анатолий Сидоров. Сценография - Валерий Доррер. Қоюшы-дирижер - Валерий Раттер.
Премьера 1978 жылы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Бұзақы - Рамазан Бапов, Бауыржан Ешмұхамбетов; Жас ханым - Зарема Қастеева, Фарида Қойгелдинова; Бастаушы - Эдуард Мальбеков; Құрбы - Фарида Қойгелдинова, Инна Гуляева.
1-көрініс. Жұмысшылар тұратын қаланың шеті. Көшенің иесі - Жас ханымға қатты әсер еткен бұзақы. 2-көрініс. Мектепте. Бұзақы жаңа мұғалімнің «жүгенсіз» кеткен жігітті тоқтатуға ұмтылған Жас ханым екенін таниды.3- көрініс. Саябақта. Бұзақы Жас ханымға сезімін білдіргісі келеді. Ол қашып кетеді. 4-көрініс. Мейрамханадағы бұзақы. Жас ханым оған аян ретінде көрінеді. Ол оған қарай жүгіреді. Бастаушы оны тоқтатуға тырысады. 5-көрініс. Бұзақы Жас ханымның үйінің жанында. 6-көрініс. Саябақ. Мас жігіттер серуендеп жүргендерді қуалайды. Бұзақы Жас ханым мен оның құрбыларын жақтайды. Оның бұрынғы достары Бұзақыдан кек алады. Өлердей болып жараланған Бұзақы Жас ханымның үйіне қарай барады. 7-көрініс. Көше. Бұзақы Жас ханымның қолында өледі.
Сілтемелер
- Деген А., И. Ступников И. Балет Боярского «Барышня и хулиган» - Сайт Belcanto – Адрес URL: https://www.belcanto.ru/ballet_hooligan.html (дата обращения 25.11.2022).
- Барышня и хулиган. Балет на музыку Дмитрия Шостаковича – Сайт Мариинского театра – Адрес URL: https://www.mariinsky.ru/playbill/repertoire/ballet/baryshnia/ (дата обращения 25.11.2022).