БАТТЕРФЛАЙ ХАНЫМ
Өмірбаяны
2 актілі, пролог пен эпилогты 4 көріністі балет.
Балет идеясы - Базарғали Жаманбаев. Композиторлары - Джакомо Пуччини, Ғазиза Жұбанова, «Чио-Чио-Сан» операсының желісі бойынша. Либретто - Луиджи Иллика, Джузеппе Джакоза, Ғазиза Жұбанова. Хореография және қойылымы - Асами Маки, Киозо Метани (Токио, Жапония). Қоюшы-суретші - Алла Коженкова (Мәскеу, Ресей). Қоюшы-дирижер - Валерий Руттер.
Премьерасы 1992 жылы 30 сәуірде Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Баттерфлай - Раушан Байсеитова; Пинкертон - Асқар Нүсіпов; Судзуки - Алма Асқарбекова; Шарплес - Самат Асқарбеков; Горо - Ахмедғали Бүркітбаев; Ханзада Ямадори - Бақыт Әбдірахманов; Бонза - Әділбек Бестембаев.
Сюжет трагедиялық махаббат хикаясына құрылған.
Прологта американдық лейтенант Пинкертон өзінің әдемі гейша Баттерфлайға деген романтикалық махаббатын есіне түсіріп отыр.
Бірінші актіде - адал қызметші Сузуки, маклер Горо, американдық консул Шарплестердің ортасында Баттерфлай мен Пинкертонның бақытты үйлену күні. Бірақ үйлену рәсімінде Бонзо кланының басшысы: «Бұл неке бақытсыздық әкеледі!» деп қарғысын жаудырады. Пинкертон сүйіктісін жұбатады.
Екінші актіде Пинкертон тағы да естеліктердің құрсауында. Тойдан бері үш жыл өтті. Ол Америкаға баяғыда кеткен. Ал Жапонияда Баттерфлай мен оның кішкентай ұлы оны күтуде...
Жапония. Баттерфлай Сузукидің қайғылы дұғасын үзіп, ғашығы өзіне қайтатынына сенімді. Горо ханзада Ямадоридің оған үйленгісі келетінін хабарлап, бір сергітіп алады. Бірақ гейша тағы да оның ұсынысынан бас тартады. Шарплес жағымсыз жаңалық әкеледі. Пинкертон американдық әйелге үйленген. Баттерфлай: «Ұлымыз бар емес пе?!»-деп қатты мұңға батады. Шарплес Пинкертонға ұлының бар екенін айтуға уәде береді.
Көктем келді. Шие тектес ағаштың (сакураның) гүлдеу мерекесі Баттерфлайдің, Пинкертонның, Шарплес пен Пинкертонның әйелі Кэттің көңіл-күйінің жағдайына алмасады...
Сузуки Баттерфлайдың ұлын алып кеткен Пинкертон, Шарплесс және Кэтті көреді. Үрей құшқан Баттерфлай Бонзаның қарғысын есіне түсіреді. Ұлымен қош айтысып, өмірдің мәнін жоғалтқан Баттерфлай соңғы дұғасын жасап, өзін пышақтап өлтіреді.
Эпилог. Сүйіктісінің өлімі Пинкертонды қатты күйзелтті. Өмір бойы ол сүйіктісінің сүйкімді келбетін ұмытпайды.