БЕКБОСЫНОВ Алмас

14.11.2023  | Автор: Кульбекова А.

Өмірбаяны

24.02.1924 – 10.08.1974 ж., Алматы қ.

Балет әртісі. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1947), «Құрмет Белгісі» орденінің иегері (1958).

Кәсіби өнерге көркемөнерпаздардан келген қазақ балет өнері әртістерінің бірінші буынының белгілі танымал өкілі.

1939 жылдан - Қазақ филармониясының балет әртісі.

1940-1959 жылдары - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі. Классикалық және Ұлттық репертуарда өнер көрсеткен кең жанрлық рөлдердің бишісі: Гирей, Нұралы («Бақшасарай бұрқағы»); Ганс («Жизель»), Квазимодо («Эсмеральда»), Абдерахман («Раймонда»), Санчо Панса («Дон Кихот»), Айдар («Көктем»), Қамбар («Қамбар және Назым»), Ли-Син («Достық жолы»), Алмас («Бақыт жағалауы») және т. б. «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Абай», «Біржан және Сара» операларында би нөмірлерін орындады. 1959 жылы театрдың балет труппасының құрамында АҚШ-та (Нью-Йорк қ.) «Көкпар» халық биін орындау арқылы Қазақстанның хореографиялық өнерін паш етті.

1962 ж. – «Менің балам!» көркем фильмінде бала Ерболдың басты рөлін сомдады. («Қазақфильм» киностудиясы, 1962, қоюшы режиссер Эмир Файк).

Медиа галерея

БЕКБОСЫНОВ Алмас

БЕКБОСЫНОВ Алмас

БЕКБОСЫНОВ Алмас

БЕКБОСЫНОВ Алмас

БЕКБОСЫНОВ Алмас

БЕКБОСЫНОВ Алмас

БЕКБОСЫНОВ Алмас

БЕКБОСЫНОВ Алмас