БАУЫРЫМ, МАУГЛИ
Өмірбаяны
Прологты 2 актілі рок-опера-балет.
Композитор - Алмас Серкебаев. Либретто-поэзиясы - Дүйсенбек Накипов, Редьярд Киплингтің «Джунгли кітабы» желісі бойынша. Хореография және қойылымы - Минтай Тлеубаев. Қоюшы-суретші - Эрнст Гейдебрехт.
Премьера 1982 жылы мамырда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Маугли - Дүйсенбек Накипов, Болат Байтемиров; Синта - Мансия Қарақұлова, Майра Қадырова; Табаки - Эдуард Мальбеков, Қайрат Мажикеев; Шерхан - Бауыржан Ешмұхамбетов, Александр Медведев; Екі солист қыз - Әлия Шәңкібаева, Лейла Ақылбекова, Алма Асқарбекова; Екі солист - Самат Асқарбеков, Нұрлыбек Сансызбаев.
«Спектакльдің сюжеттік-философиялық негізінде ерлік пен махаббат, намыс, адам болмысынан айырылу және адамның арманы мен өмір шындығы арасында таңдауға тура келетін жалғыздық трагедиясы тақырыптары айқын көрінеді. Адам баласын қасқырлар тобы бірінші мойындайды. Адал, тәуелсіз және такаппар Багира «бөтен адамға» мұқият қарап, оның досы және қорғаушысы болады. Шер-Хан болса, Мауглиді жек көреді және жауыз шакал Табакимен бірге оған қарсы жаман істер жасайды. Джунгли баласы Сұлулық, Мейірімділік және Махаббаттың бейнесі болған Синтамен кездеседі. Маугли оған бейтаныс, бірақ қызықты сезім арқылы өзінің адамзат нәсіліне жататынын түсінеді.
Библиография
- Жумасеитова Г.Т. Страницы казахского балета. – Астана: Елорда, 2001. – 144 с – С.38-39.