ЧАРЛИ

23.11.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

Бір актілі, 5 көріністегі балет.

Композиторы - Дмитрий Шостакович. Либретто, хореография және қоюшы - Гүлжан Туткибаева. Сценография - Владимир Кужель; костюмдер бойынша суретші - Людмила Кужель.

Премьерасы 2005 жылы 2 маусымда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Чарли - Яссауи Мерғалиев, Ержан Досқараев; Тағдыр маскасы - Әлия Сапугова, Әсел Шайкенова; Сүйікті - Нәйлә Кребаева; Варьете қожайыны - Ұлан Бәденов; варьете әртістері, көрермендер, елестер - балет әртістері.

Спектакльдің идеясы - варьете театрының әртісі Чарлидің басынан кешкендері мен көңіл-күйлері арқылы «кішкентай адамның» трагедиясын, оның қоғамдағы орнын көрсету.

Сахнадағы әрекет негізінен театрда өтеді. Чарли өзінің сүйіктісінің қасында жүргісі келеді. Ал сүйіктісі варьете қожайнының қалыңдығы. Осыған байланысты қызғаншақ қарсыласпен жағымсыз оқиға орын алады. Сүйіспеншілігіне жауап іздеген Чарли тағы бір «тағдыр соққысын» алады. Түсінде оған Сүйіктісінің бейнесі кіреді. Бірақ Тағдыр маскасы түсінің шырқын бұзады. Чарли сахнаның құдіретіне және өзінің тағдырына деген сеніміне қайта оралады. Балеттің аяғы немен бітері көрермендердің үлесіне жүктеліп, олардың ойы мен қиялына ерік береді.

Библиография

  • Абай атындағы ҚазҰОБТ мұрағатынан Владимир Акуленконың фотосуреттері.

Медиа галерея

ЧАРЛИ

ЧАРЛИ

ЧАРЛИ

ЧАРЛИ

ЧАРЛИ

ЧАРЛИ

ЧАРЛИ

ЧАРЛИ