ЧИН-ТОМУР
Өмірбаяны
ЧИН-ТОМУР
Прологы бар 5 көріністегі балет.
Композитор - Куддус Кужамьяров. Либретто - Зауырбек Райбаев, ұйғыр халық ертегілерінің желісі негізінде. Хореография және қойылымы - Заурбек Райбаев. 5-көріністің хореографиясы мен қойылымы - Ельдос Усин. Қоюшы-суретші - Игорь Корогодин. Қоюшы-дирижер - Ғазиз Дугашев.
Премьерасы 1968 жылы 30 желтоқсанда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Чин-Томур - Рамазан Бапов; Махтум - Тамара Парпибаева; Чон-Хотун - София Тулусанова; Кичик-Хотун - Альфия Амангельдина; Қара-Хан - Абдуахим Асылмұратов; Әлім - Эдуард Мальбеков; Елік - Ольга Загуменникова; күңдер, құлдар, садақшылар, сарай бектері - балет әртістері.
Жақсылық пен әділдіктің қара күштермен күресін баяндайтын алғашқы ұйғыр ертегі балеті. Ауыл тұрғыны Әшім-Ахунның үлкен әйелі арамза Чон-Хотун қызғаныштан кіші әйелі Кичик-Хотунның жаңа туған егіздерін ұрлап алып, кемпірге оларды көлге лақтыруға бұйрық береді. Балаларының орнына бесікке күшіктерді салғызады. Алданғанына ашуланған Әшім-Ахун Кичик-Хотунды мәңгілікке босытып жібереді.
Балалар аман қалды. Орманға тастап кеткен бала Чин-Томур мен қыз Махтумды орман Елігі өсіреді. Бұл туралы Чон-Хотун біліп, мыстанға айналып, құдіретті билеуші Қара-Ханды сиқырлап, оған жас Махтум туралы аян береді. Ғашық болған Қара-Хан сұлуды іздеп жорыққа шығады.
Батыр Чин-Томур мен сұлу Махтум хан әскерінің шайқасына қарсы тұрады. Бірақ Қара-Хан Чин-Томурді жаралап, Махтумды тұтқынға алады. Чин-Томур бастаған құлдар сарайға баса-көктеп кіреді. Батыр Қара-Хан мен мыстанды өлтіріп, бостандыққа шыққан қарындасын қуана құшақтайды.
Күңгірт сарай орнында ғажайып орман өседі. Халық Чин-Томур мен Махтумның анасы Кичик-Хотунмен қайта қосылғанына қуанады. Кешірім сұрап Әшім-Ахун оның алдына басын иіп келеді.