"ҚОСТАНАЙ ТАҢЫ" БИ АНСАМБЛІ
Өмірбаяны
Ансамбль 1971 жылы Қостанайдағы Кәсіподақтар мәдениетінің одақаралық мәдениет сарайында құрылды. 1997 жылдан бастап ансамбль Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Е.Өмірзақов ат. Қостанай облыстық филармониясы» КМҚК кәсіби ұжымы болып табылады. Көркемдік жетекшісі және балетмейстері «Мәдениет саласының үздігі» белгісінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Е. В. Кривова, бас балетмейстері «Мәдениет саласының үздігі» белгісінің иегері Е. В. Борская.
Ансамбль репертуарында 50-ден астам хореографиялық композициялар бар. Репертуардың дамуына әр уақытта Қазақстан мен Ресейдің хореографтардың қойылымдары үлкен әсер етті: А. Тати («Қыз қайың», «Той бастар»); А. Кульбекова («Алтын орда»); А. Цой («Мереке», «Қуанамын», «Думанды тобы», Желпуішпен корей биі, Египет биі); ҚР Мәдениет қайраткері Б. Сазабеков («Бахор», «Үнді биі», «Қызыл алма», «Шарх», «Алтынай»). В. Шашков (Ресей) сияқты балетмейстерлердің шығармашылық одағы мен қойылымдары - «Казак жауынгері»; Н. Терентьевтің (Ресей) - «Мерекелік вальс); В. Тимошенко (Украина) - «Коломиика», «Буковинские парубки»); З.Шарипова (Ресей) - «Болеро» бір актілі балеті, ансамбль әртістерінің орындаушылық деңгейін көтерді.
Ұжым үкіметтік концерттерге, еліміздің маңызды мәдени іс-шараларына қатысады: ҚР Президентінің ұлықтау рәсімі; Қазақстан халықтары Ассамблеясы; Орталық Азия ойындары; «Шабыт-мыңжылдық»; EXPO-2017; Қазақстанның Ресейдегі Мәдениет күндері; Германиядағы қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы; ҚР Тәуелсіздік күніне және т.б. арналған мерекелік концерттер.
Ансамбль халықаралық фестивальдердің лауреаты: «SEN LU» (Сан-Мало қ., Франция, 2003); IX халықаралық ұлттық мәдениеттер фестивалі (Уфа, 2009); «Cheonan world Dance FESTIVAL» (Чионан қ., Оңтүстік Корея, 2011); «Сен, Ресей, жүрегім, және менің әнім» (Липецк қ., РФ, 2013);
«ISPARIGLIAS" (Галгари қ., Сардиния, Италия, 2019).