ДЕ БАНА Патрик
Өмірбаяны
(1968, Гамбург) - балет әртісі, хореограф. Беделді испандық «Үздік биші» сыйлығының иегері және оның би компаниясы «Үздік би қойылымы» (2005) номинациясында марапатталды.
Әлемдегі космополиттік хореографтардың бірі. ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, көптеген әлемдік балет жобаларының тұрақты қатысушысы.
Дж.Ноймайер және Т.Финни жетекшілік ететін Гамбург балеті жанындағы балет мектебін бітірді. 1987-1992 - М. Бежардың «Лозанна балеті» солисі.
1992- Н.Дуатоның жетекшілік ететін Испанияның ұлттық би труппасының солисі, он жылдан астам уақыт бойы Н. Дуато, И.Килиан, О.Наарин, У.Форсайт, М.Эка және т. б. қойылымдарда би биледі.
2003 - Валенсия (Испания) қаласында өзінің «Nafas Dance Company» труппасын құрды.
Әлемнің түрлі елдеріндегі әртістер мен компанияларға арналған көптеген хореографиялық композициялардың авторы: «Incolballet» (Колумбия), «Introdance Company» (Нидерланды), Вена мемлекеттік балеті, Токио-балет, Ыстамбұл мемлекеттік балеті, Қытай Ұлттық балеті және т. б. Дәстүрлі түрік биі «Shaman Dance Group» (2010) компаниясымен, сондай-ақ әйгілі ирандық дәстүрлі музыка композиторы Кайхан Калхормен ынтымақтастықта болды.
Де Бананың ең танымал туындыларының қатарына: «Жаратылыстар» («Создания», Introdance Company, Нидерланды, 2008), «Портрет...» (2008), «Encounter» (2009), «Nefes» (Мануэль Легри үшін арнайы, 2009), «Ақ көлеңкелер» («Белые тени», Токио-Балет, Жапония, 2009), «Мария Антуанетта» (Вена мемлекеттік балеті, Австрия, 2010); «Жалғыздық лабиринті» («Лабиринт одиночества» арнайы И. Васильев үшін, 2011), оның ынтымақтастығы «La Follia»(2012) жобасымен жалғасты; «Клеопатра» (И.Лиепа үшін, «Кремль балеті», Ресей, 2012), «Джейн Эйр» (2012) және «Мәңгілік жаңғырығы («Эхо вечности», 2016) Шанхай балеті үшін (Қытай). «Саяхатшының армандары - Мухаррактан шыққан әңгіме» ауқымды жобасы (Бахрейн, 2018).
Хореограф түрлі елдерде: Қытай, Түркия, Жапонияда ұлттық балет қойылымын жүзеге асырды. Қазақстанда «Астана Опера» театрында «Дала үні» («Зов степи») ұлттық тақырыбында спектакль қойды (2020), либретто авторы Б.Қайырбеков, хореографиялық либретто бейімделуінің авторы - Ж.-Ф. Вазель).