ДОСТЫҚ ЖОЛЫМЕН

25.10.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

3 актілі, 6 көріністі балет.

Алғашқы қойылымдағы балеттің аты «ЖОҢҒАР ҚАҚПАСЫ» болды.

Композиторы - Лев Степанов (Мәскеу, РСФСР). Либретто - Қанабек Байсейітов. Хореография және қойылымы - Юрий Ковалев. Қоюшы-суретші - Айтымтай Молдабеков. Қоюшы-дирижер - Евгений Манаев.

Премьера 1957 жылы 15 маусымда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Жайнақ - Абдуахим Асылмұратов, Алмас Бекбосынов, А.Мамонов; Жәмилә - Наталья Викентьева, Гүлшара Жандарбекова, Валентина Никитина; Құралай - Сара Көшербаева, Валентина Никитина, Ракүль Тажиева; Алтынай - Инесса Манская, Ракүль Тажиева, София Тулусанова; Сабыр - Ғани Ақжанов, Заурбек Райбаев, Леонид Таганов; Әли - Ғани Ақжанов, Сергей Ильницкий; Ли-Синь - Алмас Бекбосынов, Абдуахим Асылмұратов; Фун-дзе - Дмитрий Самохин, Леонид Таганов, Герман Тростянко.

Либретто қазақ жерінің тарихына қатысты оқиғаларға негізделген. Балет ұлттық болмысты қалыптастыруға бағытталған - достық, махаббат пен адалдық, азаттық үшін күрес тақырыптарын қозғайды.

БАЛЕТТІҢ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМЫ Мәскеуде өтетін қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіне дайындық кезінде жүзеге асты. «Жоңғар қақпалары» айтарлықтай өңдеуден өтті. Спектакльді жасаушылардың шығармашылық тобының құрамы нығайтылды. Жаңа қойылымда балет «Достық жолымен» деп аталды және 4 актіден тұрды.

Премьерасы 1958 жылы 5 шілдеде Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.

Композиторлар - Нұрғиса Тілендиев, Лев Степанов, Евгений Манаев. Либретто - Қанабек Байсеитов, Ростислав Захаров. Хореография және қойылымы - Дәурен Әбіров, Юрий Ковалёв, Ростислав Захаров. Қытай биі бойынша кеңесшісі - Ван Сисянь. Қоюшы суретшілері - Гүлфайрус Исмаилова, Айтымтай Молдабеков. Қоюшы-дирижер - Евгений Манаев.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Жайнақ - Абдуахим Асылмұратов, Леонид Таганов; Жәмилә - Наталья Викентьева, Ракүль Тажиева; Құралай - Сара Көшербаева, Фарида Қойгелдинова; Алтынай - Инесса Манская, София Тулусанова; Амантай - Әнуарбек Жалилов, Эдуард Мальбеков; Ли-Синь - Алмас Бекбосынов, Әнуарбек Жалилов; Әли - Дәурен Әбіров, Леонид Таганов.

«Достық жолымен» балетінің әдеби негізі «Жоңғар қақпасы» пьесасының қайта өңделген либреттосы болды. Кейбір көріністердің әрекеті қазақ жерінде өтті. Ең қызықты және сәтті болғаны - ұлттық бидің салтанатына айналған толық және мәнерлі сюжетті бірінші актінің алғашқы көрінісі. Оқиғалардың көпшілігі Қытайда өрбиді.

Медиа галерея

ДОСТЫҚ ЖОЛЫМЕН

ДОСТЫҚ ЖОЛЫМЕН

ДОСТЫҚ ЖОЛЫМЕН

ДОСТЫҚ ЖОЛЫМЕН