Д​РАГУНОВ Павел Геннадьевич

31.10.2023  | Автор: Саитова Г.Ю.

Өмірбаяны

ДРАГУНОВ Павел Геннадьевич (18.01.1969 ж., Алматы қ.) - суретші, сценограф.

1994 - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің өнер-графика факультетін бітірген.

1993 - қалалық, республикалық және халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы.

2005 - «Art East» галереясында «Рrima Varae» әйелдер портреті мен ню жеке көрмесі өтті,

2010 - Алматының Орталық көрме залында С.Тасмағамбетовамен бірлескен портреттер көрмесі ұйымдастырылды.

2012 жылдан бастап Сценография және театр костюмдерімен айналысады. С.Тасмағамбетовамен бірлесіп бірқатар опералар мен балеттерге сценография мен костюмдер жасады: кантата-балет «Кармина Бурана» (Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры 2012ж), комедиялық опера «Айсұлу» (2014 ж.), «Ұлы дала аңыздары» балеті (2015 ж.), Новосибирск опера және балет театрындағы «Турандот» операсы (2016 ж.), М.Джалил атындағы Татар академиялық мемлекеттік опера және балет театры, татар тіліндегі «Жарғанат» («Летучая мышь», 2016 ж.), Carlo Felice театрында (Трубадур» опереттасы, 2019 ж.), Геликон Операда «Aipha&Omega», «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында («Қыз Жібек» операсы (2020 ж.).

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында «Қарагөз» балетінің (2014 ж.), «Қыз-Жібек» (2017 ж., 2020 ж.), «Біржан-Сара» (2018 ж.), «Турандот» (2018 ж.), «Евгений Онегин» (2019 ж.) операларының, «Дон Карлос» (2019 ж.), «Алпамыс», «Қалқаман-Мамыр» опера - балеті (2022 ж.) қойылымдарына қатысты.

Сілтемелер

Медиа галерея

Д​РАГУНОВ Павел Геннадьевич

Д​РАГУНОВ Павел Геннадьевич