ФРАНЧЕСКА ДА РИМИНИ
Өмірбаяны
Бір актілі балет.
Композитор - Петр Чайковский. Либретто - Алексей Чичинадзе (Мәскеу, РСФСР), Владимир Фидлер (Ленинград, РСФСР), Данте Алигеридің «Құдіретті комедия» поэмасының желісі бойынша. Хореография және қойылымы - Зәуірбек Райбаев, А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институты (ГИТИС) «Шопениана» және «Болеромен» бірге дипломдық жұмысы. Қоюшы-суретші - Владимир Семизоров. Қоюшы-дирижер - Тургут Османов.
Премьерасы 1962 жылы 19 маусымда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Франческа - Валентина Кузнецова; Паоло - Владимир Васильев, Әнуарбек Джалилов; Джанчотто - Леонид Таганов, Ғани Ақжанов.
Жас Франческа мен Паоло бір-біріне қанша құштар болғанмен, қатал шіркеудің кресті екеуінің арасында кедергі жартасқа айналады. Махаббатқа талпынған қос жүрек мәңгілік азапқа түседі. Сүйіктілердң хикаясы «Пролог», «Тұғырда», «Озбырлық тұтқынында», «Естеліктер», «Махаббат пен жұбаныш», «Пластикалық барельеф» көріністерінде өрбиді, олардың пафосы - махаббат өлімнен де күшті.