ГАФУРОВА Гульфида Шайхиевна
Өмірбаяны
ГАФУРОВА Гульфида Шайхиевна (05.07.1966 ж., Целиноград қ.) - балет әртісі, педагог-репетитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003 ж.), «Мәдениет қайраткері» (2000 ж.).
1976-1984 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін бітірген, педагогтары: Л.И.Рафаилова, Г.Б.Горская, Т.П.Парпибаева.
1999-2003 - Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша бітірді.
1984-2020 - балет әртісі, педагог-репетитор (2006-2009),
2009 жылдан - Б.Аюхановтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының бас балетмейстері. Балеттердегі жетекші партиялары: Кармен «Кармен-сюита», «Севильядағы мереке» («Праздник в Севилье»), Д. Шостакович «Қылмыс пен жаза» («Преступление и наказание»); балеттердегі вариациялар мен па-де-де: «Ұйқыдағы ару» («Спящая красавица»), «Аққу көлі» («Лебединное озеро»); «Дон Кихот», «Шопениана», «Жетінші вальс», «Прелюд»; жеке нөмірлері: К.Сен-Санс «Аққу» («Умирающий лебедь»; И.Альбенис «Испан рапсодиясы»; хореографиялық миниатюралар «Западня», «Электра», «Биле менің Эсмеральдам», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының барлық репертуарын биледі.