ХАРАНГОЗО Дьюла
Өмірбаяны
(04.05.1956, Будапешт қ.) – балет солисі, хореограф. Венгрия Республикасының еңбек сіңірген әртісі (2004).
1975 – Мәскеу мемлекеттік хореография академиясын бітірді.
1976-1985 – Венгрия Ұлттық балеті труппасының әртісі.
1981-1991 – Вена мемлекеттік операсының бірінші жетекші солисі.
1981-1989 – Бавария мемлекеттік операсының тұрақты жетекші солисі.
1995-2005 – Венгрия Ұлттық балет труппасының жетекшісі.
2005-2010 – балет труппасының жетекшісі, Вена мемлекеттік опера және Вена халық операсы балет мектебінің директоры.
2013 – Сегде қаласы Жазғы фестивалінің көркемдік директоры (Венгрия). Әр түрлі театрлардағы классикалық мұра балеттерінің, мюзиклдер мен опералардың қоюшы-хореографы.
Қазақстанда Д.Харангозо «Астана Опера» театрының сахнасында Тибор Кочак музыкасына «Белоснежка және жеті ергежейлі» балалар балетін қоюды жүзеге асырды (2021).
Марапаттары: Токиодағы Халықаралық балет әртістері байқауының алтын медалі (1978). Австрияның «Ғылым мен өнер үшін» құрметті крестін иеленді (2010).