ГЕЙДЕБРЕХТ Эрнст Давидович
Өмірбаяны
(1936) - суретші, сценограф. Беларусь Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей ұлттық театр «Алтын маска» сыйлығының лауреаты (П. И. Чайковский ат. Пермь академиялық опера және балет театрындағы К.Монтевердидің «Орфей» операсы, 2009).
1965 - Алматы көркемсурет училищесін бітіріп, Алматы Жастар театрында және Абай ат. МАОБТ-да жұмыс істеді. Балет және опера қойылымдарының қоюшы-суретшісі: «Севиль шаштаразы» Дж. Россини, «Кармен-сюитасы» Ж. Бизе-Р. Щедрин, «Щелкунчик» П.Чайковский, «Гамлет» А. Исакова, «Ромео мен Джульетта» С. Прокофьев.
1984-1990 - Беларусь Республикасының Ұлттық академиялық Үлкен опера және балет театрының бас суретшісі. Суретшіге Свердловск академиялық опера және балет театрындағы, М. Мусоргскийдің «Борис Годунов», В.Кобекиннің «Пайғамбар» («Пророк»), В. Лобановтың «Антигона», Н. Римский-Корсаковтың «Көрінбейтін Китеж қаласы мен Февронияның қызы туралы аңыз» («Сказание о невидимом граде Китеже и деве Февронии»), А. Хачатурянның «Гаяне» қойылымдары кеңінен танымал болды.
Абай ат. МАОБТ-ның сахнасында А. Серкебаевтың 3 балет қойылымының сценографы ретінде өз жұмысын көрсетті. «Ақсақ құлан» балеті, М. Тілеубаевтың хореографиясы (1976); «Бауырым, Маугли» рок-опера-балеті, М. Тілеубаевтың хореографиясы (1982); «Тілеп және Сарықыз» балеттері, М. Саппингтон хореографиясы (2009).
1990 жылдан бастап Германияда тұрады, Португалия, Швейцария, Германия және Ресей театрларымен шығармашылық ынтымақтастықта.