ХОТТАБЫЧ ҚАРТ

13.11.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

3 актілі, 4 көріністі балет.

Композитор - Александр Зацепин. Либретто - Дәурен Әбіров, «Мың бір түн» циклінің «Балықшы туралы ертегі» бойынша Лазарь Лагиннің повесть-ертегісі желісіне негізделген. Хореография және қойылымы - Дәурен Әбіров. Қоюшы-суретші - Владимир Семизоров. Қоюшы-дирижер - Абрам Мовш.

Премьерасы 1956 жылы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті (Лидия Сарынованың айтуы бойынша премьерасы 1961 жылы 28 желтоқсанда өткен).

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Хоттабыч қарт - Абдуахим Асылмұратов; Волька - Ғани Ақжанов; Иринка - Сәлима Акбарова; Алтын балық - Валентина Кузнецова, Сара Көшербаева; Мұхит - Владимир Васильев, Әнуарбек Жалилов.

Кеңес пионері Волька мыңжылдық қамауда отырған жын - қарт Хоттабычты босатады. Ол бостандыққа шыққаннан кейін өзінің жас құтқарушысына адал болуға ант береді. Сиқырлы және күлкілі шытырман оқиғалардан кейін ежелгі жын қайта тәрбиеленіп, қазіргі әлемде өз орнын табады.

Бірінші актінің алғашқы көрінісінде пионерлер Хоттабыч, Волька билері сиқырлы кілемде ұшқан Волька мен Иринка ойындарына ұласады. Екінші көрініс базарда болады. Африкалық, египеттік, вьетнамдық, үнділік билердің орнын халық пен полицейлердің қақтығысы көріністері алмастырады.

Теңіз патшалығында өткен екінші актіде Алтын балықтың вариациясы, теңіз аты мен сегізаяқтардың билері, алтын балықтар мен толқындар Волька мен Хоттабычтың шытырман оқиғаларына ауысады.

Үшінші акт - басты кейіпкерлердің вариацияларының, орыс, қазақ, литва және өзбек пионерлерінің ұлттық билерінің дивертисменті, ол жалпы қуаныш,шаттану сахнасымен аяқталды.