КАРТА ОЙЫНЫ
Өмірбаяны
Бір актілі балет.
Композитор - Игорь Стравинский. Либретто, хореография және қойылымы - Зауырбек Райбаев. Қоюшы-суретші - Владимир Арефьев (Днепропетровск, Украина). Қоюшы-дирижер - Валерий Руттер.
Премьера 1979 жылы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында сол кеште болған Зауырбек Райбаевтың хореографиялық «Ер мен әйел» балетімен бірге өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Червилер королі - Эдуард Мальбеков, Александр Медведев, Тұрсынбек Нұрқалиев; Бубилер королі - Ахмедғали Бүркітбаев, Бақыт Әбдірахманов, Мұрат Адырхаев, Анатолий Семёнов, Дмитрий Тубольцев; Пикилер Қарға королі - Бауыржан Ешмұхамбетов, Ерболат Асылғазинов; Трефтер королі - Ұлан Мирсеидов, Самат Асқарбеков; Королева - Людмила Ли, Мансия Қарақұлова, Людмила Макарцева, Гүлжан Туткибаева; Жокер - Дүйсенбек Накипов, Қайрат Мажикеев; дамалар, валеттер, карта патшалығының сарай қызметкерлері - балет әртістері.
Покер партиясы ойналады. Әр таратқан сайын ойынды зұлым да, тайсалмас Жокер шатастырып отырады. Ол өзін жеңілмейтін санайды, өйткені ол кез келген картаға айнала алады.
Үш таратымдағы балет, яғни көріністегі.
Композитор - Игорь Стравинский. Либретто, хореография және қойылымы, сценография және костюмдер - Елена Эзау.
Премьерасы 2004 жылы Алматыда М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрының сахнасында өтті. Спектакль «Самрұқ» Заманауи би театрына арнап қойылды.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Джокер - Ержан Досқараев; Карталар - Руслан Такирбасов, Ерсайын Мұқаев, Бауыржан Қосманов, Альбина Додарходжаева, Елена Эзау, Наталья Корчагина, Әсем Шарифулина, Раушан Шермаханбетова.
Карталарда, дәлірек айтсақ, олардың комбинацияларының осы уақытқа дейін ашылмаған заңдарында жұмбақ философиялық сыр бар - нақты және материалдық емес, өмірдегідей немесе абстарктілі, физикалық және геометриялық. Джокер ойынға үнемі кедергі жасайды. Кішкентай жын сияқты, оны шатастырғысы келеді, бірақ жеңіледі.