ИСМАИЛОВ Әли Маликович

28.10.2023  | Автор: Ізім Т.О

Өмірбаяны

(04.10.1939 ж. - 07.12. 2010 ж., Алматы қ.) - биші, педагог. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1966 ж.).

1949-1955жж - Ленинград хореографиялық училищесін бітірген, педагогтары: А.Е.Пушкин, И.Д.Бельский, А.Е.Бочаров, А.А.Писарев.

1955ж. - Л.Д.Чернышеваның жетекшілігімен ҚазКСР ән-би ансамблінің негізін қалаушы және солисі. Биді орындау техникасын жетік меңгерген, дайындығы жақсы биші барлық хореографиялық композицияларда күрделі трюктерді орындаған.

1957 жылдан бастап, мемлекеттік ҚазКСР ән-би ансамблі құрамында Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестиваліне (Мәскеу қ.) қатысты, ҚазКСР әдебиет және өнер онкүндігіне (Мәскеу қ.), халықаралық фестивальдерге қатысып, әлемнің көптеген елдерінде гастрольдік сапармен болды. Ансамбльдің жетекші солисі ретінде алыс және жақын шетелдердің үлкен сахналарында биледі. Жоғары орындаушылық техникасымен, көркемдік шеберлігімен кәсіби деңгейі жоғары өнер иесі болды.

1976-1984 - Алматы хореография училищесінде өндірістік-сахналық практиканы басқарды. Репертуарлық қорды кеңейтуге, репетициялық процесті жақсартуға үлкен үлес қосты;

1984-1986 - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет труппасының меңгерушісі болды. Әр жылдары ҚазССР-нің Мемлекеттік ән-би ансамблінің және «Алтынай» Мемлекеттік халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі болып жұмыс атқарған.

Марапаттары: «Тың игерушілер» мерейтойлық медалі (1958 ж.); «Еңбектегі жетістігі үшін» медалі (1959 ж.); В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерен еңбегі үшін» медалі (1970 ж.); «Құрмет Белгісі» ордені (1971 ж.). «Моңғолияның 50 жылдығы Ұлттық хондет» медалі (1972); «Еңбек ардагері» медалі (1990).


Медиа галерея

ИСМАИЛОВ Әли Маликович

ИСМАИЛОВ Әли Маликович

ИСМАИЛОВ Әли Маликович

ИСМАИЛОВ Әли Маликович

ИСМАИЛОВ Әли Маликович

ИСМАИЛОВ Әли Маликович

ИСМАИЛОВ Әли Маликович

ИСМАИЛОВ Әли Маликович

ИСМАИЛОВ Әли Маликович

ИСМАИЛОВ Әли Маликович

ИСМАИЛОВ Әли Маликович

ИСМАИЛОВ Әли Маликович