ИСМАИЛОВА Гүлфайрус Мансұрқызы
Өмірбаяны
(15.12.1929, Алматы қ.-12.05.2013, Алматы қ.) - суретші, актриса. ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965), ҚазКСР Халық суретшісі (1987).
1944 - АХУ-ға оқуға түсті. Сонымен қатар Алматы консерваториясында вокал сыныбы бойынша оқыды.
1956 - И. Е. Репин ат. Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтын М. П. Бобышевтің шеберханасында бітірді.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бір жылға көркемсурет училищесіне оқытушы ретінде Алматыға оралады. Суретшінің алғашқы жұмысы жас көрермен театрының сахнасында қойылған А.Сәтбаевтың «Ақбөпе» (1957) спектаклі болды.
1972-1989 - Абай ат. МАОБТ бас суретшісі. Суретші ретінде Абай ат. МАОБТ сахнасында 28-ден астам опера мен балеттерде суретші болып қатысты. «Ер Тарғын» (1967), «Жұмбақ-Қыз» (1972),«Алпамыс» (1973),«Чио-Чио-Сан» (1972-1973). Л. Степанов пен Н.Тілендиевтің «Достық жолы», В. Великановтың «Қамбар мен Назым» (1950), Е. Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш пен Баян-Сұлу» (1971), Р. Штраустың «Санкт-Петербургпен қоштасу» (1988) балеттерінде сценограф және костюм бойынша суретші ретінде өнер көрсетті.
Г. Исмаилова замандастарының, Қазақстанның танымал өнер және мәдениет қайраткерлерінің көркем портреттерін жасады. «Қазақ вальсі» картинасы - Қазақ КСР Халық әртісі Шары Жиенқұлованың (1958) портреті композициялық портреттер циклін ашады. Кейінгі жұмыстары: ҚазКСР Шолпан Жандарбекова (1960), КСРО Халық артистері Күләш Байсейітова (1962), Дина Нұрпейісова (1965);«Халық шебері» триптихі (1967), ҚазКСР Халық суретшісі А. Қастеевтің портреті (1967), ҚазКСР ҒА академигі М. Әуезовтің портреті, жазушы-академик С. Мұқановтың портреті (1969), отбасымен автопортрет (1978) және т. б. Ол актриса ретінде: «Алитет тауға кетеді», «Ботагөз», «Қыз Жібек» және т. б. фильмдерде ойнады.
Марапаттары: «Құрмет белгісі» ордені (КСРО, 1959); «В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» медалі (1970); «КСРО халықтары достығы» ордені (1981); «КСРО еңбек ардагері» медалі (1987); ҚР «Парасат» ордені (1999); өнерге қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығы (2002); ҚР І дәрежелі «Достық» ордені (2009).