ДЖОНАТАН Дэвид
Өмірбаяны
(10.12.1985, Брисбен, Австралия) –балет әртісі, хореограф.
2002 – Квинсленд би мектебін бітірді, Квинсленд балет компаниясында (Австралия) өнер көрсетті.2002-2005 – Австралия балет мектебіндегі біліктілікті арттыру курстарын өтті.
2006 ж. – Батыс Австралия труппасындағы балет әртісі, ол осы кезде хореограф ретінде жұмысын бастады, Перт қаласында халықаралық өнер фестивалі аясында хореографиялық миниатюралар жасады.
2007 жылдан бастап Фландрия Корольдік балет труппасындағы биші (Бельгия), 2013 жылы солист мәртебесін алды.
2016-2022 – «Астана Балет» театрының жетекші әртісі, онда Р. Амаранте, Р. Терранова, Дж. Баланчин, В. Форсайт, Г. Ковтун, М. Авахри балеттерінде классикалық, неоклассикалық және замануи хореография бағытындағы партияларды орындады.
Хореограф ретінде бірқатар қойылымдарды жүзеге асырды, олардың арасында: Дж. Адамстың «Одан тыс» («Beyond This», 2007) және М. Рихтердің «Saudades» (2011) Батыс Австралия балет компаниясында; М. Рихтердің «Желтоқсан емес» («Not Quite December», 2008), Г. Фрапптың «Сен үшін» («For You», 2009), Дж. Адамстың «Би эволюциясы» («Evolutie van Dans», 2010), П. Швальмның «Мен сені әйгілі етемін» («I forgot you’re famous», 2010), М. Рихтердің «Сенің Құпияң» («Secretly Yours» , 2011), Н. Фрам мен П. Швальмнің «Келісу» («According To», 2013) және Фландрия корольдік балеті үшін В. А. Моцарттың «Дәмді Қазына» («Delicate Treasure» 2015).
Абай атындағы МАОБТ-да И. С. Бахтың «Бахты ашу» (2019), «Астана Балет» театры үшін Ж. Люсье, Р. Мур және П. Ле Бёфтың «Инстинкт» («Instinct» 2020) балеттерін қоюды жүзеге асырды.
Марапаттары: Финляндияның Хельсинки қаласында өткен Халықаралық хореографтар байқауының жүлдегері (2009).