КӨКТЕМ
Өмірбаяны
3 актілі, 5 көріністі балет.
Композитор - Иван Надиров. Либретто - Әбділда Тәжібаев. Хореография және қойылымы - Александр Чекрыгин. Қоюшы-суретші - Владимир Колоденко. Қоюшы-дирижер - Пётр Попов.
Премьера 1940 жылы 8 қарашада Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры (қазіргі Абай атындағы ҚазҰОБТ) сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Дариға - Нұрсұлу Тапалова; Айдар - Юрий Ковалев; Қарабас - Владимир Баканов; Дариғаның құрбылары Мабрура Ахмедиев, Карима Айдарова.
Балет Қазақстандағы социалистік қоғам мен колхоз құрылысы тақырыбын қозғайды. Табиғаттың оянуы. Бұрынғы байдың баласының мазасын кетірген жас колхозшылар Дариға мен Айдардың алғашқы махаббаты. Қарабас Дариғаға үмітсіз ғашық болады. Екінші актіде кек алуды аңсаған Қарабас колхоздың егіс алқабын өртеп жіберіп, қашуға әрекеттенеді. Өртеушімен драмалық текетірес Айдардың өмірін сақтап қалумен аяқталады. Үшінші актіде бүкіл колхоз Айдар мен Дариғаның тойын қуана тойлайды.
И.Надировтің «Көктем» балетіне жазған музыкасы негізінде 1943 жылы МАОБТ сахнасында «Қазақ би сюитасы» балеті қойылды.
Библиография
- Сарынова Л.П. Балетное искусство Казахстана. – Научное издание. – Алма-Ата: «Наука» Казахской ССР, 1976 – 176 стр. – С.64-69, 144.